1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:
Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.
Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.
Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)
1.Өт қабы ауруымен, асқазан асты безінің ауруымен науқастарды тексеру әдістері қандай?
2.Науқастардың негізгі шағымдары. Анамнез жинау ерекшелігі.
3.Қарау, ішті пальпация жасау ерекшелігі.
4.Өт қабын, асқазан асты безін перкуссия жүргізу. Бауыр ауруымен науқастарды тексеру әдісі.
5. Науқастардың негізгі шағымы. Анамнез жинау ерекшелігі.
6. Қарау, бауырды, көк бауырды пальпация жүргізу ерекшелігі. Перкуссия жүргізу
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1.Өт қабы ауруымен, асқазан асты безінің ауруымен науқастарды тексеру әдістері
2.Науқастардың негізгі шағымдары. Анамнез жинау ерекшелігі. Қарау, ішті пальпация жасау ерекшелігі. Өт қабын, асқазан асты безін перкусиия жүргізу. Қосымша тексерулер жүргізу
3. Бауыр ауруымен науқастарды тексеру әдісі.
4. Науқастардың негізгі шағымы. Анамнез жинау ерекшелігі.
5. Қарау, бауырды, көк бауырды пальпация жүргізу ерекшелігі. Перкуссия жүргізу.
Ұйқы безі сырқаттанған пациенттерді зерттеу әдістері
Жоспары:
Сұрастыру, шағымдары
Анамнез
Пальпация
Перкуссия
Аускультация
Схема
Сұрастыру
Шағымдары: Ұйқы безі сырқаттанған науқастардың негізгі шағымдарына іштің ауырсынуы, диспепсиялық өзгерістер, сарғаю, жалпы әлсіздік және жүдеу жатады.
Ауырсыну ұзақтығы және сипаттамасы бойынша әр түрлі болады.Калькулезді панкреатитте ауырсыну ұстама түрінде майлы тамақтан кейін 3-4 сағат өткенде эпигастрий немесе сол жақ қабырға астында басталып арқаға беріледі. Ауырсыну өте күшті спазмолитиктерден ғана басылады.Жедел панкреатитте ауырсыну өте күшті,кенеттен басталып бір неше күнге дейін созылады және іштің сол жақ қабырға астында орналасып белдік тәріздес айналдыра ауырады. Ұйықы безінің қатерлі ісігіндегі ауырсыну өте күшті және ұзақ болады.
Созылмалы панкреатитте ауырсыну сыздаған болады,майлы тамақтан кейін күшейіп,аш қарында басылады.
Жүрек айну және құсу көбінесе жедел панкреатитте кездеседі.Құсу көп мөлшерде бір неше рет қайталанып болады бірақ науқастың жағдайы одан жақсармайды,кейде қан талшықтары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |