Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар



бет113/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:

  1. Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.

  2. Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.

Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер
4 Kaz Medic.kz сайты
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИНДРОМДАРЫ
Дисфагия синдромы
Дисфагия – жұтынудың бұзылуы. Басты себебі: өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады.
Органикалық тарылу себептері:
1)ісік
2)Жедел және созылмалы эзофагиттер
3)Өңештің күйгеннен тарылуы
4)дивертикулдар
¨Өңештің анато-миялық тарылу-лары
¨Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бірінде шамалы қабыну (терминальды эзофагит)
Функциональды тарылу себептері:
1)Өңеш бұлшық етінің түйілуінен (невроз)
2)Сыртынан басылуынан
3)Ішіне бөгде зат түсуінен
Дисфагия сипатының ерекшеліктері:
Органикалық тарылуда әуелі құғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты).
Функциональды тарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).
Асқазанның моторлық функциясының бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
Екі түрі болады:
1)Асқазан қозғалысының жоғарылауы;
2)Асқазан қозғалысының төмендеуі.
¨Ас қорыту жүйесі
Асқазанқозғалысыныңжоғарылауы. Асқазанның органикалық ауруларында (жара гастрит және т.б.). Асқазан тонусы жоғарылайды, бұлшық еті кенеттен күшті жиырылады (спазмы).
Шағымдары: а) эпигастрийде толғақ қысқан тәрізді ауырсыну; б) тамақтан кейін эпигасрийде салмақ басып тұрғандай сезім, тез тойынумен жүреді; в) кекіру; г) құсу.
Қарау: эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикасы көрінеді.
Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну.
Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы
Қан кетудің жедел және созылмалы түрлеін ажыратады. Организм реакциясы қан кету жылдамдығына және көлеміне тәуелді.
Себептері: асқазан, өңеш, ішек жаралары, портальды гипертензия (өңештің кеңейген порто-кавальды анастомоздарынан), асқазан-ішек жолдарының ісіктері, геморрой және т.б.
Негізгі клиникалық көріністері:
Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уақытына байланысты.
Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды («кофе қойыртпағы» құсығы)
Қара түсті нәжіс — melaena.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет