Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет148/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Геморрагиялық диатездер Бұл қан ағумен сипатталатын бірнеше аурулардың жинағы. Себебіне байланысты геморрагиялық диатездер үш топқа бөлінеді. Бірінші топта қандағы тромбоциттердің мөлшері азайып, қан ұю дәрісі бұзылады (тромбоцитопениялық пурпуралар). Екінші топта тамыр қабырғалары өзгеріп, қанның ағуы күшейеді. Бұл Шенлейн – Генох ауруы деп аталады немесе геморрагиялық васкулит деп те аталады. Үшінші топта қан ұю дәрісінің бұзылғанынан геморрагиялық диатез дамиды. Бұл ауруды гемофилия деп атайды.
Геморрагиялық васкулитте ағзаның ұсақ тамырлары қабынып, олардың қабырғалары жұқарып геморрагиялық синдром байкалады.
Этиологиясы мен патогенезі. Көптеген себептердің әсерінен пайда болатын иммундық кешендер ұсақ тамырлардың қабырғасын ыдыратып, қан ағу белгісі білінеді. Әкеп соғатын себептерге ауыр жұқпалар, ағзаның улы заттармен зақымдануы, кейбір аллергиялық жағдайлар, індет, суық тию жатады. Осы себептердің әсерінен майда капиллярлар зақымдалады. Мысалы, аллерген әсерінен қарсы денелер пайда болып, олар тамырдың ішкі кілегей қабатында антиген-денеге қарсы ұйым құрады, ал бұл ұйым тамырдың қабыршағының жасушыларын жояды. Бұл жағдайда тері, бүйрек және басқа ішкі мүшелердің тамырлары зақымдалып, тромбоз және қансырау ұлғаяды. Оның нәтижесінде ісік пайда болып, қан айналымы нашарлап, тіндерде геморрагиялық өзгерістер туындайды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың негізгі төрт клиникалық түрі бар. Бірінші түрі – ең жиі кездесетін тері түрі. Науқас әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі. Аяқ – қолында, кеудесінде папулезді майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Бөртпе тері үстінде орналасады, саусақпен басқанда жойылып кетпейді. Екінші түрі – буын түрі. Науқастың денесінде неше түрлі геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар науқастың буындары ісініп, қызарып, ауырсыну білінеді. Ауырсыну көшпелі болып келеді. Негізінде ірі буындар зақымданып, соның салдарынан науқас жүре алмай қалады. Үшінші түрі – іш түрі. Науқастың денесінде бөртпелер байқалады, буындары зақымданады, бірақ аурудың негізгі клиникалық белгісі – іштің өте қатты ауыруы болып табылады. Іштің ауырғаны ұстама түрде өтеді. Ол ішек қабырғасына қан құйылудан болады. Науқас құсып, іші өтеді. Нәтижесінде құсықта және нәжісте қан білінеді. Дене қызуы 380 – 400 - қа дейін көтеріледі. Төртінші түрі – ең ауыр, шиеленіскен түрі. Дене қызуы 400 – қа дейін көтеріледі, бүкіл денесіне бөртпелер жайылады. Бөртпелер жараланып, өлі етке айналады. Науқастың буындары ісініп, қызарып қызметінен айырылады. Асқазаннан, ішектен қан кетуі мүмкін. Шетті қан анализінде қан аздық белгілері байқалады, ЭТЖ артады, лейкоциттердің мөлшері көбейеді, тромбоциттердің мөлшері өзгермейді
Емі. Қабыну дәрісін басу үшін глюкокортикоид гормонын қолданады. Клиникалық көріністердің дәрежесіне байланысты преднизолонның мөлшерін тағайындайды. Буын синдромында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (вольтарен, индометацин, бруфен) қолдану қажет. Қансырауды тоқтату үшін көк тамырға кальций хлор ерітіндісін енгізеді. Ұсақ тамырлардың қабырғаларының өткізгіш қасиетін қалпына келтіру үшін рутин, аскорбин қышқылын тағайыңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет