1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:
Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.
Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.
Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)
1. Эндокрин жүйесі ауруларының негізгі клиникалық симптомдарымен синдромдары
2. негізгі синдромдарының клиникалық белгілері
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Эндокрин жүйесінің негізгі синдромдарымен таныстыру
Қалқанша безі синдромдары, комалардың түрлерін түсіндіру
Уытты жемсау
Уытты жемсау (тиреотоксикоз, Базед ауруы) – қалқанша без бір келкі ұлғайып, гормондарды тым көп бөлуімен сипатталатын ауру. Қалқанша без түзетін үш – йод – тиронин мен тироксин атты гормондар тым көп болса, дененің бір қатар ағзалары мен жүйелері зақымдалады. Алғаш рет 1849 жылы жемсау ауруында көздің бадыраюы (экзофтальм), қалқанша бездің үлкеюі (жемсау) және жүректің жиі соғуы (тахикардия) белгілерінің ауруға тән екендігін дәлелдеп берген көз дәрігері Базедов болатын. Соған орай бұл ауру Базед ауруы деп те аталады. Уытты жемсау барлық аймақтарда кездесіу ықтимал. Көбіне оған жасы 20 – 50 жас шамасындағылар шалдығады. Ерлерге қарағанда әйелдер 10 есе жиі сырқаттанады. Өйткені, етеккір келу, жүктілік, босану, климакс сияқты әйел ағзасының аумалы – төкпелі кезеңдерінде сыртқы мәнбірлердің кері әсерлері қосарланады, сол себептен ішкі сөлденіс бездерінің төзімделегі кемиді.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұрынғы ұйым бойынша, уытты жемсау қатты қайғылы жағдайдан кейін дамиды деп есептелінетін. Күйзеліс мидық гипоталямус бөлігін қоздырады, оның әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігінен тиреотропин тым көп бөлінеді. Тиреотропин қалқанша бездің жұмысын жандандырып, ондағы без торшаларын көбейте түседі де, бездің жалпы көлемінің ұлғаюына себеп болады. Соңғы кезде уытты жемсау мен ауырғандардың қанындағы тиреотропиннің мөлшері өзгермейтіні, тіпті кейде қалыпты шамадан аз болатыны анықталады. Бұл сырқаттың себептері жайлы басқа көз қарас туындауына түрткі болды. Соңғы 10 – 15 жылда жемсау ауруының тұқым қуалайтындығы дәлелденеді. Бұл ауруға бейім адамдардың иммундық жүйесінде тума дәрменсіздік байқалады. Соған орай осы жүйенің негізгі өкілдері дамып, жетілу дәрісі бұзылады. Нәтижесінде қанда антиденелердің түзілуі үдейді. Осы антиденелер қан айналыммен лимфа жүйелеріне өтіп, мүшелерді зақымдайды. Қалқанша безге де өтіп оның қызметін жандандырады. Соның салдарынан бездің көлемі ұлғаяды. Кейбір антиденелер қалқанша бездегі торшаларды зақымдап, жойып та жібереді. Әйткенмен, аурудың алғашқы белгілері көбіне психикалық зақымдардан кейін, не әйел адам жүктілік кезінде немесе босанған соң білінеді. Бұл мәнбірлер адамның жүке жүйесін, ішкі сөлденіс және иммундық жүйелерін әлсіретіп, ағзаға елеусіз жатқан себептерге түрткі болатын сияқты. Демек, жоғарыда айтылған себептердің әсерінен қанда тироксин, әсіресе зат алмасуына ықпалды үш – йод – тиронин көбейеді. Сөйтіп, зат алмасу дәрісі ұлғаяды. Тиреоидтық гормондар ақуыздың ыдырауын жылдамдататындықтан, қанда азот пен амин қышқылдары көбейіп, зәрмен амиак, фосфар, несеп қышқылы сыртқа тым көп шығарылады. Тироксин мен үш – йод – тиронин көмірсулардың майға айналуын тежейді. Майлар шапшаң ыдырап, олардың денедегі қоры азаяды, науқас тез жүдеп кетеді. Уытты жемсауда гормондардың әсерінен тотығу дәрісі тежеліп, ағзада энергия қоры азаяды. Ыдыраудан пайда болған энергия ағзаларының қызметіне жұмсалады, соның салдарынан негізгі зат алмасу дәрісінің деңгейі жоғарылап, дененің қызуы көтерілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |