Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Аурудың аяқталуының түрлері



бет6/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Аурудың аяқталуының түрлері:


  • жазылу

  • өліммен аяқталу

  • жұмысқа жарамдылығының шектелуі немесе жойылуы, мүгедектікке ұшырау.



Мүгедек топтары


ІІІ топ - пациенттердің жұмысқа жарамдығы аздап шектелген, жеңіл жұмысқа рұқсат беріледі
ІІ топпациенттер жұмысқа жарамсыз, кейде уақыты қысқартылған жұмысқа рұқсат беріледі.
І топ – пациенттер жұмысқа жарамсыз, сырттан көмек қажет етеді.


Этиология - аурудың себептері туралы ілім.
Себептер әр түрлі болады. Олар бір неше негізгі топтарға бөлінеді.
Биологиялық себептер- аурулардың қоздырушылары/ бактериялар, вирустар, саңырауқулақтар, таяқшалар/ құрттар/ гельминттер/ қан сорғыш жәндіктер/шыбындар, шіркейлер, кенелер/, сырқаттанған адамдардан сау адамдарға аурудың қоздырушыларын тасымалдаушылар.
Механикалық себептер - жарақаттар,сынықтар, мидың шайқатылуы, езілулер созылулар.
Физикалық себептер- температураның әсер етуі/ күйктер, үсулер, ыстық өту,күн өту, ылғалдың, электр тоқтың, ионды радиацияның әсер етуі және басқалары.
Химиялық себептер - қатты немесе жұмсақ шаңды,ұлы газды заттар/ жедел немесе созылмалы ұланулар/ Бұл өндірістік зияндылар.
Алиментарлы себептері- тамақты көп ішіп жіберу, ащы, ыстық, майлы бұзылып кеткен тағамдарды қабылдау, санырау құлақтармен ұлану.
Психикалық себептер - жедел немесе созылмалы стресс жарақаттардың орталық жүйке жүйесіне әсер етуі. Бұл себептерден гипертониялық ауру, асқазанмен ұлтабардың ойық жара ауруы және басқа аурулар дамиды. Науқастың төсегінің жанында дұрыс айтылмаған сөз, ятрогенді ауру/ятрогения/ тудыру мүмкін.
Әлеуметтік себептер - адамның тіршілігінің, еңбегінің қолайсыз, төмен жағдайы, жұмыссыздық, панасыздық, жалғыздық.
Генетикалық себептер - тұқымқуалаушылық немесе хромосомды жүйеде өзгеріс. Бұл аурулар: гемофилия, қант диабеті, психикалық аурулар- шизофрения.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет