Емдеудің түрлері
Диетотерапия - диетамен емдеу. Емдік диетаның 15 түрі болады. №1, 2 асқазан ауруларында, №5 бауыр ауруларында, №7 бүйрек ауруларында, № 9 қант диабетінде, №10 жүрек ауруларында т.б
Минералды сумен емдеу - минералды су сілтілі және қышқыл болады. Пациенттерге асқазанның қышқылдығына байланысты тағайындалады. Кейбіреуі несеп айдайтын эффектісі болады.
Қымызбен емдеу. Қымыз бұл биенің ашытқан сүті. Антисептикалық, иммунитетті өте күшті, көтеретін әсері бар.
Тәртіппен емдеу. Пациенттің жағдайына байланысты қатаң, жартылай төсек, жалпы төсек тәртібі тағайындалады.
Медикаментозды емдеу. Ең біріншіден аурудың себебіне әсер ететін дәрілер тағайындалады/ этиологиялық емдеу/.
Мысалдар: бактериальді инфекцияларда - антибиотиктер, сульфаниламитер, туберкулезде - изониазид және т.б.
Осыдан кейін патогенетикалық емдеу - ауру процесінде мүшелердің бұзылған функцияларына әсер ететін дәрілер.
Симптоматикалық емдеу. Аурудың белгілі симптомдарына әсер ету, мысалы: жөтелге, қақырық түсіретін микстура, бас ауырғанда - анальгин т.б.
Физиотерапиялық емдеу - кейбір көрсеткіштерге физиотерапиялық әсер беру. Бұл массаж, диатермия,УВЧ, ультракүлгін сәулелері, ультрадыбыс, сумен емдеу және т.б.
Психогенді емдеу - тағайындалған емге пациенттің сенімін тудыру, оны сендіру, әсіресе препаратты аз дозада қабылдауды керек. Кейде гипнозбен, аутотренинг психотерапиямен емдеу қажет.
Дәстүрлі емес емдеу әдістері: Фитотерапия - шөптермен емдеу, шырындармен емдеу әр түрлі жеміс жидектің шырынымен емдеу, ара өнімдерімен емдеу - бал, прополис, металлотерапия, рефлексотерапия, уринотерапия, магнитотерапия және т.б.
Емдеу тағайындағанда полипрогмазиядан аулақ болу керек. Бұл өте көп мөлшерде дәрі дәрмек тағайындау. Әсіресе аллергиялық реакциялардан сақ болу керек және дәрілік заттың қабылдау уақытын, мөлшерін, балалар дозасын білу керек.
Алдын алу/профилактика/ бұл ауруларды болдырмауға арналған комплекс шаралары. Жеке және жалпы алдын алу болады. Жалпы алдын алу бұл өкімет жүргізетін шааралар. Бұл диспансерлер, санаторийлар салу, вакцинация, ревакцинация, флюорографиялық зерттеу жүргізу. Жалпы халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру. Радио, теледидар, журналдар арқылы санитарлық тазалыққа шақыру. Ішкі аурулармен ауыратын пациенттерді диспансерлік тіркеуге алу. Пациенттерді жылына 1-2 рет бақылап алдын – алу/ рецидивке қарсы/ емдеу тағайындау, санаторлы- курорты емдеуге жіберу.
Жеке алдын- алу- Әр адамның жеке бас гигиенасын сақтауы, санитарлық мәдениетін көтеру, жыл мерзіміне сай киіну, экологияға қамқорлықпен қарау.
Емдеу алдын алу мекемелері. Медициналық құжаттар оларды толтыру
Достарыңызбен бөлісу: |