Рентгенологиялық зерттеулер Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеуде инструменталды әдістер, оның рентгенологиялық зерттеу әдісі үлкен орын алады. Қарапайым рентгенологиялық зерттеуге рентгеноскопия мен ренттенография жатады. Рентгенологиялық зерттеулерде тікелей проекция жүргізеді, яғни ауру адам бетін экранға, ал арқасын рентгендік түтікке қаратып тұрады. Сонымен бірге қиғаш жағдайда да, яғни науқас экранға 45° бұрыштық жасап алғашында оң иығымен алға, кейін сол иықпен тұрады.Рентгенологиялық зерттеулерде жүректің әр түрлі бөлімдерінің жиырылуының тереңдігі мен сипаттамасына көңіл бөледі, ол миокардтың жиырылғыштық қабілетін бейнелейді. Одан кейін жүрек пішіні ығысуларының жүрек қызметінің фазасына сәйкестігін анықтайды. Систола кезідде жүрек пішіні орташа бағытқа, ал диастола кезінде шеткері бағытқа жылжиды. Егер қандай да жүрек пішінінің бөлімі систола кезінде орташа бағытқа жылжымағаны байқалса, яғни шеткері бағытқа жылжыса, оны парадоксальды пульсация деп атайды (аневризмада). Рентгенологиялық зерттеулерден басқа жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын анықтауда қосымша әдістер қолданылады.
Эхокардиография Жүректің әр түрлі құрылымдарынан (қақпақшаларынан, қарыншаларынан миокардынан, қарыншааралық перделерден, т. б.) ультрадыбыстың әсерін қолдануға негізделген жүректі зерттеу әдісін -эхокардиография деп атайды. ЭхоК-ның жүрек ақауларының диагностикасында үлкен маңызы бар, себебі ол жүрек қуысындағы қақпалар аппаратының жағдайын, қалыңдауы мен кеңеюінің орын алу мүмкіңдігін бақылауға көмектеседі. Ол қос жармалы қақпақшаның ақтарылуын (пролапс), ишемиялық ауру кезіндегі миокард жағдайын, миокардитті, іркілген кардиомиопатиясын (застойная), қолқадан тыс тарылуын (субаортальный) диагноз үшін анықтау кезінде перикард қуысында сұйықтықтың барын, т. б. білу үшін де маңызы зор.
ДӘРІС №6
Тақырып4.2 Артериалды гипертензия, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі синдромдары, жүрек ырғағының бұзылу синдромдары(аритмиялар), кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясы синдромы аяқ асты өлім
1.2 МАҚСАТЫ: теориялық білімдерін бекіту. Жүрек қан -тамыр жүйесі синдромдарымен, симптомдарын түсіндіру, үйрету.
№
|
Сабақ кезеңінің атауы
|
Теориялық сабақ(дәріс,аралас сабақ, мин.)
|
1
|
Ұйымдастыру сәті:
а) сабақтарда жұмыс жағдайын ұйымдастыру
б) сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау
|
5минут
|
2
|
Өткен тақырып бойынша тірек білімді өзектендіру (әдіс -тәсілдер)
|
15мин
|
3
|
Жаңа материалды баяндау (дәріс жоспары)
|
Достарыңызбен бөлісу: |