Электрокардиография-жүректе пайда болатын электр тоғын жазу тәсілі. Электр тоғының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.Электрокардиографияның дамуына Голландия оқымыстысы Эйнтховеннің үлесі көп. Ол алғаш рет 1903 жылы гальванометрдің көмегімен жүректің биотоқтарын тіркеген, электрокардиографияның теориялық және практикалық негізін жасаған ғалым.
Электрокардиографияда міндетті түрде 12 тіркеме қолданылады.
3 негізгі (стандартты) тіркеме, 3 полюсты күшейтілген аяқ қол тіркемесі
және 6 кеуде тіркемесі
І – стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын;
ІІ – стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын;
ІІІ – стандартты тіркеме арқылы сол қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді
І – стандартты тіркеме миокардтың алдындағы қабырғасының биотоғын ұстап, қағазға түсіруге мүмкіндік туғызады
ІІІ – стандартты тіркеме миокардтың арт қабырғасының биотоғын тіркейді
ІІ – стандартты тіркеме І және ІІІ тіркеменің қосындысы болғандықтан оның биотоқтың қай жерден шығатынын анықтауға аса маңызы жоқ. Күшейтілген бір полюсті аяқ қол тіркемесі.
AVR – оң қолдың күшейтілген тіркемесі
AVZ – сол қолдың күшейтілген тіркемесі
AVF – аяқтың күшейтілген тіркемесі
A - күшейтілген
V - потенциал айырмашылығы
R – оң жақ Z – сол қол F – аяқ
Кеуде тіркемелері: Жүрек көлемді мүше болғандықтан оның биопотенциалы жан-жаққа және әр-түрлі жазықтық арқылы тарайды. Аяқ қол тіркемелері жүрек биотегінің тек бір жазықтықта – фронтальды жазықтықта тарағанын жазуға ғана мүмкіндік туғызады. Кеуде тіркемелері арқылы жүректің электр көлденең және сагитальды жазықтықтар бойынша тарауы жазылып алынады. Кеуде тіркемелері V әрпімен белгіленеді.
V - 1 – төстің оң жақ ІV қабырға аралығына
V –2 тіркемеде төстің сол жақ шетін ала ІV қабырға аралығына
V – 3 тіркемеде V-2 және V-4 тіркемелер аралығына
V - 4 тіркемеде сол жақ бұғана ортақ сызығымен V қабырға аралығының қиылысқан жеріне
V -5 сол жақ қолтықтың алдындағы сызығы бойындағы V қабырға аралығына
V - 6 сол жақ қол тықтың ортаңғы сызығы бойындағы V қабырға аралығына қойылады
V-1-V-2–тіркемелерінде қарыншалар аралық перде мен жүректің
оң жағының биотоғы.
V - 3 көшпе зонаның биотоғы.
V - 4 – жүрек ұшы мен сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының биотоғы,
V-5-V-6 – сол қарыншаның алдыңғы және бүйір жағының биотоғы жазылып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |