Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет67/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Жүрек соғуының өзгеруі, қалыпты жағдайда жүректің жиырылуы бір минутта 60—80 рет, жүректің тез де, жиі соғуын тахикардия, ал баяу соғуын брадикардия дейді.
Жыпылық аритмиясы, бұл аритмия көбінесе екі жармалы ақауларда кездеседі, әсіресе оның тарылуында, атеросклерозды кардиосклерозда, тиреотоксикоз, пароксизмді тахикардияда, миокард инфарктінде және басқа да миокард ауруларында жүректі тындағанда дыбыс тіпті естілмейтін сияқты болады. Жүрек дыбыстарының өзгеруі сол жақ қарыншаның әр түрлі мөлшерде жиырылу алдында олардың қанға толуына, толмауына байланысты l дыбыс жүрек ұшында күшейіп шығады. Толық атриовентрикулярлық блокадада айқын брадикардия естіледі, жүректің жиырылуы минутына 20-40 рет болады. Бұл кезде қатты "зеңбірек атқан тәрізді" дыбысы естіледі, бұл жүрекше мен қарыншаның бірдей жиырылуынан болады (Стражеско зеңбірек тоны).
Жүрек шуылдары, жүректі тындаған кезде кей жағдайларда жүрек дыбыстарынан да басқа құбылыстар естіледі, оны журек шуылдары деп атайды. Жүректің кейбір ауруларында (жүре кездескен аурулар, іштен туған жүрек ақаулары, эндокардиттер, жүрек бұлшық еттерінің ауруы, перикардит, өкпе қабының жүрекке жақын жатқан жерлерінің қабынуы, анемия, қалқанша без ауруы, т. б.) шуылдар естіледі.
Жүрек аймағандағы естілетін шуылдардың себептері жүректің өзінен болады, мұндай шуылды жүрек ішіндегі шулар деп атайды. Жүрек сыртындағы себептерден болатын шуылды жүректің сыртқы шулары деп атайды (жүрек қабы үйкелісінің шуылы, плевроперикарттық шуыл). Жүрек ішінде пайда болатын шуылдар жүрек қақпақшаларының деформациялық өзгерістерінен, ақаулардан, атриовентрикулярлық және айшық тәрізді қолқа және өкпе артериясының қақпақшаларының әрбір бөлек немесе бірімен-бірі қосылып, тарамыс тәрізді хордаларының қысқаруы және басқа да өзгерістер жүрек ішінен пайда болатын шуылдарды туғызады. Жүректе органикалық өзгерістердің әсерінен пайда болатын шуылды органикалық шуылдар деп атайды. Жүректе қақпақшалардың өзгеріссіз кезінде де шуыддар пайда болады: бұлар әсіресе жұқпалы ауруларда, анемияда, нерв жүйесінің қозғыштығында, Базед ауруында, тағы басқа жағдайларда кездеседі. Мұндай шуылды функционалды шуыл деп атайды.
Мұндай шуылдар кей жағдайларда сау адамдарда да кездеседі. Шуылдар жүректің әр фазасында кездеседі. Систола фазасында I дыбыс пен II дыбыстың арасында пайда болатын шуылды систолалық шуыл деп атайды.
Диастола кезінде II дыбыс пен I дыбыстың арасында естілетін дыбысты диастолалық шуыл деп атайды.
Систолалық шуылдың диастолалық шуылдан айырмашылығы, систолалық шуыл ұзақ үзілістен кейін I дыбыс пен II дыбыстын арасынан естіледі. I дыбыс бәсең, тіпті естілмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда I дыбыс жүрек ұшынын түрткісімен, ұйқы артериясының пульсациясымен сәйкес келетінін есте сақтау қажет.
Систолалық шуыл органикалық немесе функционалдық болады. Органикалық өзгерістер болғаңда естілетін систолалык, шуыл жүректе жүре кездесуі немесе туа бітуі, ол жүрек қақпақшаларының ақауында және қолқада патологиялық өзгерістер болғанда ғана естіледі (атеросклероз, сифилитикалық мезоаортит, қолқа аневризмі).
Систолалық шуыл жүре пайда болған жүрек ақауларында да естіледі. Оларға жататындар:

  1. Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде, қан систола фазасында солжақ қарыншадан аз мөлшерде болса да сол жак, жүрекшеге кері қайтады.

  1. Үш жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігінде, қан систола фазасында өкпе бағанасына өтумен қатар, кері оң жақ жүрекшеге қайтады.

  1. Қолқа сағасының тарылуында, қан сол жақ қарыншадан систола фазасында тар тесіктен өткенде.

4. Систолалық шуыл іштен туа біткен мына теменгі жағдайда:өкпе бағанасының сағасының тарылуында, қарынша аралығының жабылмауында (Толочинов ауруы), Баталов тубегінің жабылмауы, қолқа қалтасының тарылуы және тағы басқа іштен туа біткен ақауларда кездеседі.
Диастолалық шуыл төмендегі жүрек ақауларында кездеседі:

  1. Сол жақ атриовентрикулярлық саңылауының тарылуында (екі жармалы қақпаша саңылауының тарылуы), қан диастола фазасында тар саңылаудан сол жақ жүрекшеден қарыншаға өтеді.

  1. Оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуында екі жармалы қақпақшадағыдай өзгеріс.

  1. Қолқа қақпақша кызметінің жетіспеушілігінен, диастола фазасында қан кері қарай қолқадан сол жақ қарыншаға қайтады.

4. Өкпе бағанасы кызметі жетіспеушілігінде.
Диастолалық шуыл өте сирек жағдайларда функционалды болады. Систолалық, диастолалық шулар жүрек қақпақшаларының ақауларында жиі кездеседі, сондықтан шуылдың қай кақпақшадан, қай жерде жақсы естілетінін табу қажет.
Функционалдық шуылдың органикалық шуылдан айырмашылығы. Функционалдық шуыл қақпақшалардың өзгеруінсізақ пайда болады. Жас балаларда, анемиямен ауыратын науқастарда, Базед ауруында, астениктерде, өте жүдеу адамдарда функционалдық шуыл көбінесе систолалық болады, ол жүректің ұшында және өкпе бағанасында естіледі. Мұның пайда болуы қанның жылдам ағуынан, жүректің тахикардиясынан, қанның сұйықтығынан, ол азайғанда, папилярлы еттін, немесе екі жармалы қақпақшаның кеңеюі, сол сияқты сол жақ қарыншаның үлкеюі қан қысымы жоғарылаған ауруларда, қолқа ақаулары, тағы басқа науқастарда кездеседі. Сирек жағдайларда функционалдық шуыл диастола фазасында да кездеседі.
Функционалдық шуыл жұмсақ болып, систоланың бас кезінде жақсы естіледі. Ол тұрақты емес, ешқайда тарамайды, жүрек пальпациясы кезінде қолға сезілмейді.
6 сурет Жүрек қақпақшаларының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет