Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет126/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Сарғаю синдромы
Сарғаю – негізгі бауырлық белгі, қандағы өт пигменттерінің жоғарылауы мен шырышты қабаттар, тері мен склераның сарғаюымен көрінеді. Әдетте, тері қабаттары мен шырышты қабаттардың сарғаюы кезінде боялуы белсенді ұышымамен жүреді. Сары түске боялудың бірнеше түрі бар: бауырдың сары ауруына тән қызыл қоңыр-сары түс, гемолитикалық үдерістер кезінде лимон түстес сары; ұзақ уақыт ішкі және бауырдан тыс билиарлы обструкциялар кезіндегі жасыл және қоңыр сарғыш түстері кездеседі.
Бауырлық билирубин метаболизмінің бірінші сатысындағы бұзылыстар сирек сарғаюдың себебі болады, билирубиннің гепатоциттің мембранасы арқылы өтуін бұзатын тек қана кейбір дәрілік заттар. (мысалы, гельминтке қарсы). Бауырлық билирубин метаболизмінің екінші сатысындағы өзгерістерде сарғаю билирубиннің төмендеген конъюгациясында УДФ глюкуронилтранфераза ферментінің жетіспеушілігінен немесе тура емес билирубиннің бауыр жасушасының ішінде тасымалының бұзылысынан болады. Бұл үдерістер конъюгирленбеген билирубиннің қандағы мөлшеріне негізделген тұқым қуалайтын сарғаюдың екі түрін ажыратады: Криглер Наяр және Жильбер синдромы. Метаболизмнің бұзылуының үшінші сатысында Дабин Джонсон синдромы мен Ротор синдромы негізделген.

Сарғаю түрлері Патогенетикалық жіктеуге сәйкес: бауыр үстілік, бауырлық және бауыр астылық сарғаю болып бөлінеді.
Бауыр үстілік сарғаюдың кең тараған түрі- гемолитикалық сарғаю, бауырлық – гепатоциттердің бір бөлігінің некрозынан болатын созылмалы және жіті бауыр ауруларының сарғаюы, бауыр астылық –бауыр ішілік өт жолдарының немесе жалпа өт жолдарының тарылуы салдарынан болатын механикалық немесе холестатикалық сарғаю.
Гемолитикалық сарғаю қанда конъюгирленбеген билирубиннің мөлшерінің болуына негізделген. Сарғаюдың бұл түрі эритроциттердің төмен резистенттілігімен байланысты эритроциттердің көп мөлшерде ыдырауы кезінде тура емес билирубиннің жоғары өнімділігінен болады. Гемолитикалық сарғаюда тері қышымасы болмайды, көкбауыры ұлғайған, анемия дамиды, нәжіс айқын боялған, ол билирубиннің көп өндірілуінен және оның ішекке бөлініп, кейін стеркобилинге айналуынан болады. Гемолитикалық сарғаю да зәрде уролибин жоғарылайды.
Бауырлық сарғаю кезінде бауыр ауруларының гепатоциттер зақымдануына негізделген және қанда тура билирубинмен қатар әсіресе тура емес билирубиннің жоғарылауы, зәрмен уробилиннің және нәжіспен стеркобилиннің бөлінуінің төмендеуі болып табылады.

Тері жабындыларының шамалы боялуы мен көкбауырдың үлкеюі байқалады. Зәрде гемолитикалық сарғаюдағы сияқты конъюгирленген билирубиннің көп мөлшерінен зәр түсі әдеттегіден қоюырақ болады.
Механикалық сарғаю негізгі себебі өттің он екі елі ішекке түзілуінің бұзылуы, оны келесі жағдайларда байқайды: бауыр немесе өт жолдарының таспен, не ісікпен басылуы немесе бітелуі және т.б механикалық сарғаюда тері жабындаларының боялуы барынша айқын, ұзақ уақытты сарғаюда тері түсі қоюланып кетеді. Барлық жағдайда науқастар қышынуға шағымданады, қарау барысында қасыған іздер орындары көрінеді. Механикалық сарғаюда зәр өте қою түсті болады, оған сыра түсті зәр тән. Нәжіс ақ түсті сипаттамада болады, нәжісте стеркобилин болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет