Лейкоцит формуласы. Лейкоцит түрлерінің пайыздық ара қатынасы лейкоцит формуласы деп аталады.
Протоплазмасында түйіршіктері бар лейкоциттерді гранулоциттер дейді- бұл нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер.
Аграналуцитоз- лейкоформулада гранулоциттердің болмауы. Бұл қауыпты белгі.
Қалыпты жағдайда: нейтрофилдер-50-70% барлық лейкоциттерден құрайды.жас нейтрофилдер: таяқша ядролық-2-5% , жас 0-1%. Жетілген нейтрофилдар- сегментоядролық: 51-67%. Нейтрофилдар ағзада қорғаныс қызметін атқарады.
Нейтрофилдардың жас түрлерінің көбеюін- «лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы» дейді.Қабыну процесстерде, радиациялық ауруларда, қатерлі анемияларда кездеседі. Таяқша ядролық азайып сегментоядролықтар көбейсе- «оңға жылжу» дейді.
Эозинофилдер қанда 2-4% құрайды. Гистамин алмасуына тікелей қатысады. Көбейгенің эозинофилия дейді де, ішек құрттарында, есекжемде, аллергоздарда, бронх демікпесінде, ал азаюы- милиарлы туберкулезде және басқа да ауруларда кездеседі.
Базофилдер-0,5-1% құрайды. Гепарин түзуіне қатысады, аллергиялық және қабыну процесстерге қатысады. Созылмалы миелолейкозда, гипотиреозда, нефриттерде көбееді, жедел лейкозда, гипертиреозда, бруцеллезде болады.
Лимфоциттер қалыпты жағдайда сау адамда 23-25% құрайды. Көбеюі- лимфоцитоз инфекционды ауруларда, қант диабетінде, балалармен қарт адамдарда кездеседі.
Лимфопения- лимфоциттердің санының азаюы, лимфа жүйесінің ауруларында болады: лимфосаркома, лимфогранулематоз және ірінді, септикалық жағдайларда кездеседі.
Моноциттер 4-8% құрайды. Қорғаныс функцияға,фагоцитозға қатысады. Моноцитоз- көбеюі, туберкулезде т.б кездеседі.
Тромбоциттер-қан ұюына қатысады және антигендік қасиеті бар. Қалыпты жағдайда 180-320х109/л. Тромбоцитоз- кобеюі, жедел постгеморрагиялық анемияларда, қатерлі ісіктерде, спленоэктомияда т.б жағдайларда кездеседі.
Тромбоцитопения- тромбоциттер санының азаюы. Верльгоф ауруында, гипопластикалық анемияда, жедел лейкоздарда т.б кездеседі.
Сау адамда тәулік бойы қанның құрамы, өзгеріп отырады, сондықтан қанды ертенгісін аш қарынға алу керек.
Гемостаз жүйесі- бұл гуморальды факторларының, комплексі, зақымданған тамырлардың бүтіндігін сақтайды.
Гемостаздың келесі көрсеткіштерін анықтайды:
Қан ағу уақыты- қалыпты жағдайда 2-5мин тромбоцитопенияларда, геморрагиялық синдромда ұзарады, гемофилияда қалыпты немесе кішкене ұзарады.
Қан ұюы уақыты 6-8мин, гемофилияда ұзарады
Плазманың рекальфикация уақыты-60-120сек,көрсеткіштің азаюы қанның ұюының күшеюін білдіреді/ гиперкоагуляция/,ал көбеюі-ұюінің азаюына/ гипокаогуляция/
Протромбин индексі/протромбин уақыты/ 12-20сек, ұзаруы қан ұюдың төмендеуін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |