Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Химиялық барлау қолда бар және жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, 
шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дәрежесін белгілейді. Ол химиялық 
барлауға әскери аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауаның сынамасы 
ҚӘУЗ анықтау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда – топыракқа 
төгілген немесе сіңген жерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ 
жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шахталарға, жер төле ғимараттарына
шұңқырларға және т.б.) ерекше назар аударылады. Барлаудың негізінде зақымдану 
картограммалары 
жасалады. 
Инженерлік барлау қирау дәрежесі мен сипатын, коммуналдық–энергетикалық 
жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің 
табылу орындарын, іздестіру – құтқару және авариялық – қалпына келтіру 
жұмыстары өткізілетін көлемдер мен тәсілдерді анықтау үшін өткізіледі. 
Инженерлік 
барлау: 
 
әуеде – ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар); 
 
жер бетінде – арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді және 
әдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін. 
Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту 
ерекшелігінің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. 
Бұзылған және қираған ғимараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп 
шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы және ғимараттың саңлаулары анықталады: 
олардың бұдан әрі бұзылу қаупінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар 
қираған ғимараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту 
құрылысы 
және 
оларды 
жинау 
жұмыстарының 
көлемі 
белгіленеді. 
Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, сонымен қатар 
деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, 
сыбдыр және сатұр – сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тындап көз жеткізу қажет. 
Fимараттың 
жеке 
бөліктерін 
тексеру 
кезінде: 
 
тас құрылысын тексеру кезінде – қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың 
жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа; 
 
темір бетон құрылысын тексеру кезінде – бетонның және арматураның 
жағдайына, жарықшаққа және деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, 
аркаға, жиналу құрылымына; 
 
металдан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтің майысуына және 
жарылуына, дәнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне; 
 
ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтердің сынуына
қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, 
құрылыс төбелерінің ісініп – иіліп төмен түсіп кетуіне және баған – тіректердің 
жағдайына ерекше көңіл аудару керек. 
Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдын анықтау мен табу үшін жүргізіледі. 
Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару 
жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті 


22 
жоюға 
ең 
қолайлы 
жолдар 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет