Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

аймағымен (орнымен) зерттеуденТЖ сипатын және іздеуді жүргізу әдісін 
анықтаудан басталады. Зардап шеккендерді іздеу тәсілдерінің негізгі қатарына 
жататындар: көзбен шолу, есту (дыбысты), жергілікті жерді барлау, барлап қарау, 
ізбен іздеу, көргендерден сұрау, әуеден іздеу, жануарларды арнайы құралдармен 
іздеу. 
Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зардап шеккендерді 
іздеудің негізгі әдісі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан және зардап 
шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады. Көзбен шолу әдісі. Көзбен іздеу 
барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады. Сонымен қатар, 
құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді. Көз жетерлік 
жерлерді көру үшін жергілікті жердің, шарттарын қолдану қажет: тауға, мұнай 
мұнарасына, үйдің төбесіне, ағашқа шығу. Көзбен іздеуді жүргізу үшін қолайлы 
жағдай – ауа райының ашық болуы. Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатқа 
сәйкес дүрбілер, ұлғайтқыш әйнектер, түнде көретін құралдар қолданылады. Олар 
адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда бақылау жүргізеді. 
Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кеңістіктерде, үңгірлерде, тұманда немесе түтінде 
көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, 
жарық 
түсіретін 
ракеталар 
қолданылуы 
керек. 
Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу түнде 
істелінеді. Үлкен каланың жарықтары 60 км қашықтықта, тік прожектордың жарығы 
- 50 км қашықтықта, автомобиль фарының жарығы -10 км қашықтықта, алау оты - 8 
км қашықтықта, электр фонарының жарығы - 3-4 км қашықтықта көрінеді. Күндіз 
бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20 км, елді мекендер -
15-16 км, ірі үйлер -9-10 км, зауыт құбырлары 6-8 км, олардан шығатын түтін - 50 км, 
адамдар 1,5-2,0 км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең және қалыпты 
дем алу, бетті және желкені салқын су немесе қармен қайта – қайта сүрту көмегімен 
жоғарылатуға болады. Жарық – сәулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында 


24 
көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде 
пайдалану 
керек. 
Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, картаға енгізеді 
немесе 
штабқа 
жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет