Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет24/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Жер бетіндегі барлау – барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу 
құтқарушылардың З-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, сонымен қатар жер 
беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып 
және бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны 
барлап, анықтайды. Жер бетіндегі барлаудың міндетіне адамдар тұра алатын және 
адамдар болуы мүмкін жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын 
табу, олармен байланыс орнату, кейбір жағдайларда – ауа кіретін саңылауларды 
тазалау, ақпараттар, азық – түлік, дәрі – дәрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер 
жүргізу, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт 
жағдайын 
анықтау 
кіреді. 
Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы 
аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В. МОК-1, МДӨ-11 және т.б.). 
Радиация деңгейі 0,5 Р/с және одан жоғары болса, жергілікті жер радиоактивті 
зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Р/с 
радиация деңгейіне дейін жеткізу және одан аспауы қажет. Машиналарда - 100 Р/с 
дейін одан асырылмайды, арнайы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Р/с дейін, 
ұшақтарда немесе тікұшақтарда 200 Р/с жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті 
зақымданған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сәулелену көлемі мен 
қорғану және қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентін есепке ала отырып
арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың әр 50-100 м сайын өткізіледі, 
сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15см) бір қашықтықта 
орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дәл анықтау үшін 
барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама 
алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған 


21 
сынаманың әр өлшемі, нақты орны мен уақытының нәтижесі тіркеу журналына 
жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет