Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


Апат орнына құтқарушылар келгенде



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Апат орнына құтқарушылар келгенде: 
 
барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды; 
 
қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады
 
зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі; 
 
ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.). 
Жолаушыларды 
тасу 
кезінде 
ТЖ зардабын 
жою 
Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны 
қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен 
қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы 
құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. 
Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық
желдеткіш, 
жылу 
жабдық 
жүйелерімен 
жабдықталған. 
Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп 
төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың 
жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас 
миының 
шайқалуы, 
дене 
бөлігінің 
басылып 
қалуы 
жатады. 
Вагондағы 
зардап 
шегушілерге 
көмек 
көрсету 
үшін 
құтқарушылар: 


46 
 
вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы 
кіруге; 
 
зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін 
ұйымдастыруға; 
 
зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті. 
Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан 
немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сығылысып қалған жағдайда 
сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға 
терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар 
пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі 
келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің 
кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен 
кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге 
көмек 
көрсетуге 
кіріседі. 
Құтқарушылардың 
жолаушылар 
вагонына 
кірулері: 
1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – 
люк 
арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет