Дәрістер кешені


МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЖИНАУ, ЖАРИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет8/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
lektsiya

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЖИНАУ, ЖАРИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1857-1931) мұрасының зерттелуі. Мәшһүр Жүсіп – көп жасап, талай тарихи оқиғалардың куәгері болған, көргеніне қарай түйгені мол, өлең өнерінде өзіндік өрнегін сала білген өз дәуірінің көрнекті ақыны. Ол – заманының білімпазы ретінде дін мен өнерді қатар ала жүріп, бірінен елге адами үлгі -өнеге шашса, екіншісінен ұлтының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін арттырған жан.
Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Оның үшеуі де 1907 жылы бірінің артынан бірі қатарласа шығып, елінің көз қуанышына ғана айналып қоймай, көкірек көзін ашып, санасына сәуле түсірді. Мәшһүр поэмалары – ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар. Мәшһүрдің өлең-жырлары да көп ретте, қисынды, сюжетті, ойлы, кестелі болып келеді. Бәрі дерлік саяси, публицистикалық лирика. Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағартушы бағыттағы, артында бірқыдыру құнды мұра қалдырған дарынды журналист ақын.
Шығармаларында заман шындығын бейнелеуі. Мәшһүр Жүсіп бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар кезінде жарияланбай қол жазба күйінде тараған. Оның кейбірі жеке адамдардың өмірін өзек етсе, енді бірі құран сюжеттерінен, Шығыстық сюжеттерден алынып, солардың негізінде жазылған. Алғашқысына «Жантемір қажы», «Шонтыбай қажы», «Нүсіпхан», т.б. қиссалар жатса, соңғысына «Жер мен көк», «Хаятбақшы», «Миғраж», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Гүлшат – Шеризат» тәрізді туындылары жатады.
Ақынның «Гүлшат – Шеризат» қиссасы шығыстық сюжетке жазылған туындыларының іргелісі.
Жігітке құдай берген қиын емес,
Болғанымменіңақынбиылемес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын «Гүлшат – Шеризат» қылдым кеңес, -
Деп басталатын дастан, Мәшһүрдің бес шумақтық кіріспесінен соң, Кәркін патша жайын жырлауға ауысып кетеді.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Мәшһүр ғұмырнамасын өте жақсы білетін Дихан Әбілевтің «Мәшһүр Жүсіп» атты естелігінде («Жұлдыз», 1992, №2) мынадай дерек бар: «Дала уалаяты» газетінде басылған 1905 жылғы «Қанды жексенбі» өлеңі, «Сарыарқа кімдікі» толғауына байланысты патша жандармдары Мәшһүрді тұтқындап, соттап жібермек болғанда, Мәшһүр лажсыз төрт-бес жыл бойы орта Азия жақта қашып жүрген. Өйткені, «Сарыарқа кімдікі» толғауында ата-бабаның қасиетті мекені, елге ырзық, малына құт, қазақтың кең сахарасының ортасынан ойып орын алған киелі Сарыарқаны патша отаршылдары озбырлықпен тартып алғанын ащы шындықпен әшкерелеп, халықтың ауыр хал-қасіретін тебірене жыр еткен.
Ақын ел еңсесін басқан қараңғылықтың себебін білім жоқтықтан деп біледі. Отаршылдардың зардабын, олардың зорлығының қатты бататындығы да содан деп түйеді. «Алты бақан алауыздықтың» түп төркіні надандықта жатқандығын терең сезінеді. Надандықтың тұманын түретін нұр- сәуле білім екенін ақын аңғарып қана қоймай, соны ұлтының үмітіне айналдыруға тырысып, білімді насихаттауға бар күшін салады .


Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2002. -430 б.

  2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет –Алматы:Білім, 1993. –248 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы –Алматы:Қазақ университеті, 2002. –360 б.

5 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет