Дәрістер кешені


Н.Наушабайұлы мұрасы. Жастарға ғибрат айту ыңғайындағы ойлары



бет7/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
lektsiya

Н.Наушабайұлы мұрасы. Жастарға ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Бұрынғы Қостанай уезінің Арақарағай болысында туған. Өскен, өмір сүрген жері Қостанай, Торғай жағы. Әл-ауқатты кісінің баласы. Жасынан мұсылманша оқуды көп оқиды, әбден жетіледі. «Ғалімлік дариясынан іштім қанып», - дейді өзі.
Бірсыпыра өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз тұсындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез, құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал, мәтел, нақыл сөздер айтады. Оның шығармалары ойлы, мағыналы болып келеді. Осы ретте Нұржан надан, пасық, сұм-сұрқия, қу, еріншек-жалқау адамдарды, мал-жанды байларды, жалмауыз би-болыстарды, тұрақсыз, жалған достарды қатты сынайды. Оның бұл жөніндегі ойы Абай ойымен үндесіп келеді.
Нұржан өлеңдерінің біразы дін жайында: ислам дінінің мән-жайы, парыз-қарызы, заң-шариғаты, о дүине, бұ дүние, діндер адамдардың мінез-құлығы, жақсылық, жамандық жайында. Ақын бір сөзінде «нұсқалап, дүние, ақирет, бәрін айттым» дейді. Дінді түсіндіреді. Оны діни фанатизм түрінде түсіндірмей діни ізгілік, жалпы адамгершілік, ағартушылық тұрғысынан түсіндіреді.
Жинақтап айтқанда, Нұржан шығармаларында адамды білімдікке, іс-әрекетке таза, адал болуға, халыққа, Отанға қызмет етуге, артында іс, үлгі мұра қалдыруға үгіттейді.
Ш.Жәңгірұлы мұрасы. Халықты ояту, білім, имандылық мәселелерін көтеруі. Шәді Жәңгіров өте көп оқыған адам. Ол өзі Ташкентте, Бұқарада оқыған, араб, парсы және түркі тілдерін жетік білген. Бүкіл Шығыстың бұрын-соңды тарихын, өнер-ғылымын, әдебиетін, ақын-жазушыларын жақсы білген ғалым ақын. Яғни, Шәді Жәңгіров өз шығармаларында сол кезең үшін қоғамдық, әлеуметтік мәні зор, соны тақырыптарды - гуманистік және ағартушылық идеяны жырлады. Халықты отырықшы ел болуға, өнер-ғылымға, адалдыққа, жаман мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды.
Шәді шығармаларындағы гуманистік сарындар, әсіресе оның шығыстық сюжет негізінде жазған дастандарында басым. Шығыс үлгілі әдебиетінің назирагейлік дәстүрімен жазған туындыларында ол адам бойындағы ең асыл қасиеттерді; ой-сана, ізгілікті, туған жерге деген ыстық махаббатты, сүйіспеншілікті жырлады. Адамның осындай абзал қасиеттерін барынша мадақтады, ардақтады, адамды өмірдегі бар тіршіліктің қозғаушы күші, бүкіл әлемнің кіндігі етіп көрсетті.
Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2002. -430 б.

  2. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет –Алматы:Білім, 1993. –248 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы –Алматы:Қазақ университеті, 2002. –360 б.

4 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет