Дәрістер кешені


ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ



бет9/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
lektsiya

. ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ


Ш. Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны. 1858 жылы 11 шілдеде Шығыс тауы бөктерінде қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Шәкәрім олардың немересі, яғни Абайдың немере інісі.
Шәкәрім өмірінің біраз жайы өз шығармаларында, әсіресе, «Мұтылғанның өмірі» деген поэмасында жазылған. Шәкәрім «Түрік, қырғыз, қазақ, һәм ханлар шежіресінде»былай деп жазды: «Мен нақыр өз әкем өлген соң ұлық атамыз хажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да, бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғанда хажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау қылып, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым».
Алайда, ол білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, өз бетімен оқып, үйреніп, рухани қазыналарға көп үңілген. Өз елінің өз мұрасына қос, басқа жұрт асылдарын меңгерген Шәкәрім Абай мектебінен өтеді, оның кеңес – ақылымен өлеңдер шығара бастайды, поэмалар жазады. Оның жетімдік жоқшылық көрмей, сауатты да сергек өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы қатты әсер еткен. Шәкәрім Абай аясында саналы, талантты ақын болып қалыптасты. Ол Абайдығ көзі тірісінде-ақ оның, данышпан ақын екендігін алғаш рет танып, өлең өрнектерін арнады.
Реалистік лириканы дамытудағы үлесі. Тұңғыш қазақ шежіресін жазу жұмысымен ұзақ уақыт шұғылданып, көп еңбек еткен. Оны шежіре кітабындағы алғы сөзінен көреміз: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген, білгенімді жазып алып, және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым. Шәкәрімді бұқара халық ерекше құрметтеп, адамгершілігі зор, адал жүрек ақынын ардақтаған.Ұзақ жылдар бойы солақай саясат кесірінен ескерусіз қалып, әдебиет тарихына енбеді. Шәкәрім - әдебиеттің көптеген жанрларында туындылар жасаған қаламгер. Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бар саласын қамтыған. Ол әсіресе Абай үлгісін шашуда елеулі еңбек етті. Сондықтан Абай дәстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалар туғызды. Абай ұстанған ағартушылық қасыретін ашып көрсететін, елім деген жүрек бұлқынысын танытатын өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын басым болып келеді. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері байқалады. Шәкәрім лирикасын шартты түрде «Шәкәрімнің лирикасындағы адамгершілік идеяларды иығымен көтеретін негізгі тұлға – ақын. Шәкәрім ұғымынша ақын қашан да өз дәуірінің ең ауыр жүгін көтеруге тиіс», - дейді шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет