Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат



бет3/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

Пәнді оқытудағы мақсат: Орта ғасырлық қоғамның және Еуропа елдері мен Византияның даму заңдылықтары мен маңызды тарихи үрдістерін зерттеу пәнді оқытудағы негізі мақсат болып табылады. Тарих процестер мен үрдістер өркениеттілік ұстаным тұрғысынан қарастырылады, сонымен қатар формациялық ұстаным да жоққа шығарылмайды, керісінше, екі ұстанымның мықты және әлсіз тұстары салыстырылып, синтезделеді.
Орта ғасырлар тарихы курсын мәселелік тұрғыда оқыту орта ғасырлар тарихының ортақ міндеттерін қалыптастырып, орта ғасырлар кезеңінің жетекші мемлекеттерінің әлеуметтік, аграрлық, саяси және қоғамдық дамуына салыстырмалы баға беруге мүмкіндік береді. Аталмыш пәннің зерттеу объектісі ортағасырлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы, феодалдық экономикалық жүйе, қала сауда орталығы ретінде, саяси институттар, мемлекеттіліктің түрлері, материалдық және рухани мәдениет, ортағасырлық адамның діни өмірі мен дүниетанымы.
Пән бағдарламасының концепциясының негізін өркениеттік, антропологиялық, аксиологиялық ұстанымдар құрайды. Өркениеттік ұстаным негізінде ортағасырлық тарих өзіне тән сипатымен, материалдық және рухани өмірінің ерекшеліктерімен, әлеуметтік қатынастарымен жеке өркениеттер тарихы ретінде сипатталады. Бұл ұстаным шеңберінде қоғам жүйелерінің басты ықпалдастығы негізге алынып, жалпы, мәдени-тарихи кеңістіктегі ортақ бірлігі ескеріледі.
Антропологиялық ұстаным, ортағасырлық қоғам тарихының қазіргі кезеңнен сипаттық ерекшелігін, өзге уақыттық-кеңістік бірлікті, дәуір, өркениет, формацияны қарастырады. Адамның уақытына сай өзіндік дүниетанымының ерекшелігін қарастырады, микро-макро топтардағы қарым-қатынастар, күнделікті өзін-өзі ортада ұстауы зерттеледі. Бұл жағдайда зерттеу орталығында адам – индивид – ортағасырлық қоғам өкілі ретінде өзіне тән дүниетанымы мен менталитетімен қарастырылады.
Аксиологиялық таным – ортағасырлық адамдардың материалдық және рухани құндылықтарын зерттеуге бағытталған. Ортағасырлық адамдарды, өзге өмірлік құндылықтары мен мүдделері бар өзге дәуірдің өкілдері ретінде қарастыру. Аталған ұстанымдардың бірлігі ортағасырлық тарихты зерттеуге бағытталады. Ең алдымен ортағасырлық адамдардың ішкі дүниесі, өзге адамдармен қарым-қатынасы, ортағасырлық тарихтың ерекшелігі, және бұл ерекшеліктер индустриалды және постиндустриалды қоғамның әлеуметтік жүйесіне сия бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет