Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


Орта ғасырлар тарихы пәнінің өзге ғылым мен пәндерден ерекшелігі



бет4/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

Орта ғасырлар тарихы пәнінің өзге ғылым мен пәндерден ерекшелігі. «Орта ғасырлар тарихы» пәнінің өзге тарих пәндерінен ерекшелігі генезис тарихымен байланысты, феодализмнің гүлденуі мен құлдырауы, Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың бастапқы кезеңі, Орталық Еуропа мен Византия империясының елдері, орта ғасырлар тарихының кезеңдері, Батыс Еуропалық мемлекеттіліктің эволюциялық формалары, халықаралық қатынастардың сипаты, өркениеттік дамуының ерекшеліктері, конфессиялық және мәдени дәстүрлері қамтылады.
Орта ғасырлар тарихы бойынша деректер (IV - XVII ғғ.)
Ортағасырлық деректер классификациясы:
1. Табиғи-географиялық деректер. Яғни әрбір терминді оқығанда сол территориялардың ландшафтын, климатынан, өсімдіктері мен қоршаған ортасынан деректер береді;
2. Этнографиялық деректер. Бұл сол кезде пайдаланған технологияны, әдет-ғұрыптардан, тұрғын үйлерден, киімдерден және ауыз әдеби шығармалардан деректер береді;
3. Заттық деректер. Құрылыстар, еңбек құрал-жабдықтары, транспорт түрлері, қару-жарақтар тағы басқаларынан деректер береді;
4. Көркем өнер шығармалары деректері. Бұл көркем образдар, архитектуралық құрылыстар, жвопись, кескін және қолданбалы өнерден деректер береді;
5. Жазба деректер. Әріптер, цифрлар, ноталар тағы да басқалардан жазба деректер береді.
Міне осы деректер орта ғасырлардан бізге толық тарихи деректер береді. Бұлардың әрқайсысының тарихшылар үшін маңызы зор. Әсіресе заттық деректер орта ғаысырлар тарихын оқытуда ерекше маңызға ие. Ал фольклор мен этнографиялық деректер соңғы орта ғасырлар тарихын оқытуда маңызды. Әсіресе орта ғасырлар тарихын оқытуда жазба деректердің алатын орны зор. Себебі жазу-сызудың ашылуы өте көп мағлұматтар қалдыруға мүмкіндік береді.
Орта ғасырлық жазба деректерін төмендегідей үш топқп бөлуге болады:
1. Нарративтік жазба деректер. Бұл нақты шындықты боямасыз сол күйінде беретін жазба дерек болып табылады.
2. Құжаттық жазба деректер. Лексикалық негізде мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқылық және әлеуметтік-саяси өміріне байланысты құжаттар жиынтығы.
3. Құқықтық жазба деректері. Бұл жерде тек қана құқықтық жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жазып отырған адамның еркіне де байланысты болады.
Ерте орта ғасырлар кезеңінің маңызды құжаттары (IV ғ. соңы-XI ғ. ортасы). Варварлық заңдар жинағы. Формулалар мен картулярии, капитулярии, анналдар мен хроникалар.
Феодалдық қатынастардың гүлдену кезеңінің деректері (XI ғ. ортасы-XV ғ. соңы). Поместьелік описьтер. Жерге байланысты описьтер. Қарапайым құқық ескерткіштері (зерцала, кутюм, фуэрос). Қала хартиялары. Цехтық статуттар. Король заңдары.
Кейінгі орта ғасырлар кезеңінің негізгі деректері (XVI-XVII ғғ.).
Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.
Орта ғасыр деген ұғымды XV-XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді.
Орта ғасыр - Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі.
Кеңестік кезіңдегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды.
Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы - Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет