Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


Лояльдық - өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау. Люмпен



Pdf көрінісі
бет53/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Саясаттану

Лояльдық - өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.
Люмпен - қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған
қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер жəне т.с.с. жатады.
М
Мажоритарлық жүйе - сайлау нəтижесінде үміткерлердің округ
бойынша көпшілік дауыс беруі.
Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай
түрі болмасын пайдалану тəсілі. Оның негізін салған Италиянның
саясаттанушысы Н. Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін
сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да
кеңес береді.


115
Маманданған көпшілік - қоғамдық саяси өмірдің ең маңызды
мəселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс
беруінің негізінде шешім қабылдау тəртібі.
Мандат - 1. біреудің уəкілдігін куəландыратын құжат; 2. қайсыбір жерде,
елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Манифест - 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария
ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2. Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың
жəне т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын жəне шешімдерін баяндаған
үндеуі.
Манифестация - бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін
не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар - белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі
əлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы,
ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен
қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мəдениетін игеріп, сіңбеген.
Осылайша əредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді.
Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған,
белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа
арандатушылық əрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық,
нəсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы: метистер.
Марксизм - өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми
коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нəтижесінде
пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды
орнатуды мақсат етті. Қоғамдық-экономикалық формация теориясын ашты. Ол
бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың
арасында жанжал шығып, əлеуметтік революцияға əкелді. Нəтижесінде бір
формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы деп
саналады. Дегенмен, марксизм əлеуметтік жəне саяси процестерге жеңіл-желпі,
тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық
берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет