Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет57/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Саясаттану

Оппозициялық партиялар - өздерінің конституциялық құқықтарын,
парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір


118
қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан
партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.
Охлократия - қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік
мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр
билігі.
Ө
Өктемшілдік - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке
сүйенетін мемлекеттік-саяси тəртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
Парламент болғанымен ол кеңесті органға айналады. Тоталитарлық тəртіппен
салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды жəне
экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тəртіптің басқа белгілері
негізінен сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын əскер
күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Өркениеттілік - 1) қоғамның, адамзаттың материалдық жəне рухани
даму деңгейі. 2) мəдениеттің синонимі 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің
көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.
Өкіметті бөлу - өкіметті іске асыру принципі мен механизмі. Соның
негізінде уəкілеттілік пен функцияны дифференциалдауды қамтамасыз ету,
саяси институттарды үйлестіру, кооперациялау жəне оптималды үйлестіру.
П
Пакт - халықаралық келісім.
Парадигма - жасалатын өзгерістердің нəтижесінде туатын болашақтағы
қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар, өз пікірін, көзқарасын
салыстырып, дəлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Парафинирование - халықаралық келісімге уəкілдердің алдын ала қол
қоюы жəне оның жеке баптарын мақұлдау арқылы жасалған келісім жəне оны
қолдану.
Паритет - мемлекеттер арасындағы саяси жəне əскери қарулы күштердің
тепе-теңдігі.
Парламент - жоғарғы сайланбалы өкілдік жəне заң шығаратын орган. Əр
елде əр түрлі аталады.Мысалы, АҚШ-та, Польша мен Финляндияда-сейм. Краш
пен Түркияда-мəжіліс, Германияда-федералдық жиналыс, Израильде-кнессет,
Норвегияда-стартинг, Ұлыбританияда-Парламент, Францияда-Ұлттық жиналыс
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет