Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет47/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Саясаттану

З
Заң – қоғамдағы қатынастардың əртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң жəне нормативті актілерді
біріктіреді.
Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды
қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі
түрлерінің бірі.
Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немесе
жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды
анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, əскерді қамтамасыз
етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім
шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі жəне сыртқы бағытын
айқындайды. Оның жұмысына Конституция атынан органдар бақылау
жасайды.
И
Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың
алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір əлеуметтік (ұлттық, таптық,
саяси жəне т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі.
Бұл сөзді ғылымға енгізген З. Фрейд.
Идеология – белгілі бір əлеуметтік топтар, таптар, партиялар жəне т.б.
мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық
қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін
тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол
партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ
əртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.
Идеялылық - саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында
сөйлеген сөздің жəне т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Иерархия - төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға,
шенділерге бағыну тəртібі.
Имидж - 1) басқаларға өзі туралы белгілі бір əсер етіп, пікір тудыру үшін
жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2) үгіт-насихат, жарнама жəне т.с.с.
арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау.
Иммиграция - бір елден басқа елдің азаматының тұрақты немесе
уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, əлеуметтік,
саяси, əскери, этникалық факторлар болып табылады.
Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны
үшін жауапкершілікке тартуға жəне ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін
ерекше тəртіптің түрі. Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мəселесін
парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы
палата. Мысалы, мұндай тəртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония жəне т.б.
елдерде орын алған.


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет