Империя - 1) император басқаратын монархиялық мемлекет; 2)
метрополия елдерінің билігі таратылатын əртүрлі аймақтардың орталық
бірлестігі.
Инагурация - 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде
кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған
көрме жəне т.б. салтанатты түрде ашу.
Инновация - жаңалық енгізу, жаңарту.
Институализация - саяси қозғалыс немесе құбылыстың тəртіпке
келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интернационализм - мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе
таптардың, əлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат.
Интеграция - мемлекетаралық саяси, экономикалық, əскери жəне т.б.
одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың
жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
Интерпелляция - үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір
мəселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап
еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Əдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды
деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі жəне қашанға
дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық
болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мəселесі туу мүмкін.
Инфляция - ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу
процесі.
Иренология - бейбітшілік туралы ғылым.
К
Капитал - 1) өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың,
құрал-саймандардың жиынтығы; 2) жабдықтарды, тұрақтарды жəне құрал
жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
Капитализм - Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы.
Кадрлық партиялар - қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана
болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен жəне тəртібімен
көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар
партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония
либералдық - демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |