108
Диктатор −
заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз
билеп төстеуші.
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен
шектелмеген шексіз
мемлекеттік билік. Ол көбінесе əлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси
күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі
кезеңдерде, өкімет басына күшпен
келгенде жəне т.с.с. пайда болады.
Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-əрекеті
Директива – жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы,
жарлығы.
Дискриминация – нəсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына
жəне т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау
құқығынан айыру, азаматтықты бермеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.
Достарыңызбен бөлісу: