114
Қысымшы топтар - билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы
өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар
мемлекеттік органдарға идеологиялық
ықпал жасаудан бастап, сатып алуға
дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлілігін пайдаланады. Бұл топтар өз
аттарынан
лоббистік ұғымдар, мүдделі топтар деп атайды. Олар көбінесе
мүдделердің ортақтығы негізінде жəне бұл топтар
мен билік органдарының
арасында байланыс болғанда пайда болады.
Л
Легитимділік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті
мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық
жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол
халықтың қалауы
бойынша қалыптасуы жəне көпшіліктің еркіне сай орындалуы керек. Яғни,
мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілеп бір мерзімге
халық сайлайды жəне оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет.
Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сəйкес жүзеге
асырылуы тиіс. М. Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті:
1. Əдет-ғұрып; 2. Харизмалық; 3. Ақыл - парасат.
Либерализм - 1. Жеке адамның саяси жəне
экономикалық құқықтарын
мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси
бағыт. 2. Бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық
партиялар. Олар
нарықтық экономиканы, еркін бəсекелестікті, халықтың
əлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті жəне т.б. жақтайды.
Лобби - белгілі бір
заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету
мақсатында əрекет ететін ерекше саяси ұғым. Ол қысымшы топтың бір түріне
жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен
жақсы қатынастар орнатып, солар
арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң
жобаларына өздеріне
керекті өзгерістер жасауға жəне т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі
əдіс-тəсілді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: