Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


Кооптация - белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу. Коррупция



Pdf көрінісі
бет51/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Саясаттану

Кооптация - белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді
сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
Коррупция - 1) мемлекеттік жəне саяси қайраткерлерді, министрлерді,
парламент мүшелерін, шенеуніктерді жəне т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды
адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен
пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялық - мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың əр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып
басқару түрі. Оның жағымды жəне жағымсыз жақтары бар. Жағымды
жақтарына саяси мəселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге
мəжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бəсекеші партияны
жеңу үшін партияның ішінде керекті тəртіп орнатылады. Саяси күресте
кездейсоқ емес, шын мəнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға
ұсынылады. Жағымсыз жағы - өмірдегі көп мəселелерге өз партиясының
тұрғысынан ғана қарауы.
Күш қолданбау саясаты - саяси, əлеуметтік мəселелерді күш қолданбай
шешуге тырысушылық. Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы
халықтық принциптерді басшылыққа алады.
Қ
Қоғамдық-саяси ұйымдар - халықтың белгілі бір тобының мүддесін
білдіріп, қорғайтын, алдына қойған əлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде
мүшелілікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын
адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет - демократиялық жолмен қабылданған заң
үстемдік ететін, оның алдында бəрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары
жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың
еркін білдіреді жəне оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер
орындауға міндетті. Билік шын мəнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен
қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Адам
алдындағы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері,
борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет