Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»



бет12/14
Дата29.09.2023
өлшемі409.83 Kb.
#479158
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәрістер ДОК

Әдебиеттер тізімі
Назарбаев Н.Н. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 2012 ж, 10 шілде.
Мардахаев Л.В. Развитие социальной педагогики и подготовка в России кадров в конце 20 и начале 21 веков. Материалы 13 Всероссийских социально-педагогических чтений, посвященных 15-летию подготовки социальных педагогов. – М.: Изд-во РГСУ, 2010. - 256 с.
Липский С.И. Проблемно-тематический анализ диссертационных исследований по социальной педагогике (1971-2008).-Автореферат на соискание ученой степени …к.п.н.- Кострома, 2009. - 84 с.
Концепция развития современного социального образования в Российской Федерации до 2020 года. Под ред. В.И. Жукова. - М.: Издательство Российского государственного социального университета, 2005. - 36 с.
Программа развития национального исследовательского университета до 2018 года. – М.: Изд-во РГСУ, 2009. - 76 с.

14-дәріс. Зерттеушінің әдіснамалық және зерттеушілік мәдениеті (проблемалық дәріс)
14.1.Болашақ маманға қойылатын талаптар.
14.2.Педагогтың зерттеушілік және шығармашылық қызметі
14.3. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті

Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың басты кейіпкерлері мұғалімдер - жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті, шығармашыл, акпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық қүзыреттіліктері қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады. Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді жүзеге асыратын, барлық реформалардың басты кейіпкерлері мұғалімдер - жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық белсенді, рефлексияға қабілетті, шығармашыл, акпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-Тұлғалық қүзырлылықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады. Біздің ойымызша мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең үғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын олардың «дамуының жақын аймағында» ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.


Сондықтан басты міндеттердің бірі студенттердің өздігімен іздену жұмыстары негізінде ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
1.2 Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу үдерісін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет: Тәрбиешілік қызмет– оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы. Оқытушылық қызметі – терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, білім беру, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы. Зерттеушілік қызметі – алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана білуі қажет.
Болашақ мамандардың үшініші қызметті меңгеру үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. «Әдіснамалық мәдениет» ұғымы ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы педагогикалық әдебиеттерде қалыптаса бастап, зерттеуші педагогтың әдіснамалық санасы, ойлауы, зерттеушінің кәсіби сапасы, әдіснамалық дайындығы тұрғысынан түсіндірген.
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті педагогикалық зерттеудің логикалық заңдылығы туралы білімін қолдана алуы, оның негізінде зерттелетін құбылыс пен фактілерді талдауы, өзінің тұжырымына, ғылыми нәтиженің ақиқат екендігіне сенімі деп сипатталған.
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі. «Әдіснамалық мәдениет» ұғымы ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы педагогикалық әдебиеттерде қалыптаса бастап, зерттеуші педагогтың әдіснамалық санасы, ойлауы, зерттеушінің кәсіби сапасы, әдіснамалық дайындығы тұрғысынан түсіндірген.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогтың әдіснамалық мәдениеті педагогикалық зерттеудің логикалық заңдылығы туралы мәліметтер жинатау. Оның негізінде зерттелетін құбылыс пен фактілерді талдауы, өзінің тұжырымына, ғылыми нәтиженің ақиқат екендігіне сенімі деп сипаттама беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет