Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет6/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Дәрістер мазмұны

Ғылыми дерек. Ғылыми деректі түсіндіру сызбасын құруда, таным деңгейі, логикасы көрініс беруі ескерілді (сапалық, сандық және теориялық деңгей). Танымның көрсетілген деңгейлері білім беруде бейнеленген, бірақ оқушылар олармен әртүрлі уақытта кездеседі. Осыған орай, сызба құрылғанда, сұрақтардың келесі реттілігі сақталды:

  1. құбылысты табиғи (ғылыми емес) тілмен және танымал ғылыми ұғыммен сипаттау;

  2. құбылысты сипаттау үшін сандық және сапалық сипаттаманы енгізу;

  3. құбылысты жаңа ғылыми ұғыммен сипаттау;

  4. құбылыстың заңдылығын формулаға келтіру;

  5. құбылысты белгілі теорияда немесе тұжырымдамада түсіндіру;

Сызбаның үшінші сұрағын түсіндіріп кетсек, оқушы бұрын енгізілген сипаттамаларды көрсете отырып, бұл кезеңде дәл қатаң анықтаманыберуі керек. Дегенмен, оның енгізетін өзгерістерін жалпы формада сипаттау әрдайым мүмкін емес.
Ғылыми заң. Заңды сипаттаудың сызбасын құруда келесі міндеттер ескерілді. Бұл сызбаа мынадай жиынтықты беруі керек: заң мен ұғымның анықтамасы арасындағы қатынас, заң табиғаты, оны қолдану шекарасы. Оқушылардың білім жүйелігі үшін соңғы мәселе ерекше мәнге ие. Мысалы, Ньютон заңдарын қолдану шекарасын сөз еткенде, біріншіден, қатыс теориясын, екіншіден, бұл теорияның классикалық механикамен байланысын және әрбір заңның қолданыс шекарасы болатынын білу керек.
Политехникалық білім берудің міндеттеріне сәйкес заңдарды қолдану туралы мәселе ерекше мәнге ие. Заң туралы білімді сипаттаудың сызбасы: заңның формулалары; заңды мүмкіндігіне қарай символдық формада жазу; заңды ашу жолдары; заңды қолдану шекарасы; заңды қолдану.
Оқушылар білімін көрсеткенде оқулықты басшылыққа алатындықтан, олардың бірнеше формуланың бар екенін ескергендігін, тиімді қолданғанын назардан тыс қалдырмадық.
Ғылыми ұғым.Теорияның элементтерінің бірі – ғылыми ұғым. Оқушыларға әдетте сандық ұғымды сипаттау қиынға соғады. Сондықтан осы жағдай ескеріліп, сандық ұғымды сипаттаудың мынадай сызбасы құрылды: ұғымның анықтамасы; ұғымның символдық жазуы; анықтама формуласын талдау; анықтаманы қолдану шекарасы; өлшеу бірліктері; Өлшеу бірліктері туралы пункт жеке ажыратылған. Өйткені оны түсіндіру үшін жеткілікті түрде ақпарат қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет