Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері



бет4/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Дәрістер мазмұны

2.1. Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектіңдипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп зерделенуі, ғылымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Педагогикалық зерттеулер түрлері. Педагогика саласындағы зерттеулер деп тәрбие үдерісінің заңдылықтары, оның құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зерттеулер нәтижелері оқу-тәрбие үдерісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғылыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі. Ғылыми-педагогикалық зерттеудегі түсініктеме элементтерін басқа ғылыми зерттеулерде қолдануға болады және логикалық–құрастырушылық кесте көлемінде жасалған стандарттар негізінде құрылады.
Зерттеулерді жіктеуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде біршама қарастырылған. Зерттеудің жіктелуі XX ғасырдың 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т. Огородников жұмыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақтарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекемесінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтар).
Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты және салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейінірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Педагогикалық зерттеудің әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын әдіснама, дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану сияқты пәндердің шекарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған дәлелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В. В. Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Бұндай кең түсінік бізге әрбір педагогикалық пәнде іргелі және қолданбалы зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі – ғылыми-педагогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет – зерттеу міндеттері - ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өз дерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу мекен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым және ортаны анықтайды. Төртінші фасет – құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі қырларын сипаттау берілген фасетке тән және көпқырлы белгілерін көрсететін фасеттің әрқайсысына көптеген терминдер енеді. Сонымен, зерттеу міндеттері: сипаттау, анықтау, негіздеу, жасау, айқындау, толықтыру, жүйелеу, жетілдіру, дамыту, нақтылау, талдау (тұжырымдаманы, болжамды, әдістемені, әдісті, білім мазмұнын және т. б.) болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері тұжырымдамаларды, ұстанымдарды, заңдылықтарды, болжамдарды, жіктеулерді, әдістемелік нұсқауларды, ұсыныстарды, оқу құрал-жабдықтарына талаптарды және т. б. қамтиды.
Мемлекеттік және ғылыми ұжымдар мен бизнестің ынтасымен алда тұрған бірнеше аспектідегі, оның ішінде зерттеушілік, қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушылық және кадрлық т.б. негізделген ғылыми жұмыстардың жоба-жоспары ретіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізуші ұйымдар көптеп саналады. Зерттеу жобасы төмендегі белгілермен сипатталады: басымдығы жоғары зерттеу бағытына жатады; дәл белгіленген уақытта орындалады; оның жүзеге асуына белгілі бір сомада қаражат бөлінеді; жоғары дәрежеде жаңалығының, күрделілігінің, әлеуметтік және ғылыми маңызының, алдын-ала белгіленген мақсатының болуы; зерттеудің сапада этикалық нормаларға сай орындалуын қамтамасыз ететін жоғары сапалы мамандарды және белгілі бір басқару жүйесін тартуды талап етеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында 2015-2017 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурсына қатынасу үшін ұсынылған әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылығы және саяси мәнді сұраныстарда жұмыс орындалатын бағыттар бойынша тақырыптың атауы және ғылыми бағыты, ғылыми ізденістің логикасы күтілетін нәтижесі көрсетіле отырып, ғылыми қауымдастықтың келісімімен қабылданған. Сонымен қатар орындаушылардың жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі, олардың ішінде жас ғылыми қызметкерлер 30% дан кем болмауы, жобаның сметалық құны, жұмыстың орындаудың материалдық-техникалық базасы және т.б. сипатталады. Ғылым дамуының және ғылыми жобаларды орындаудың заңдары мен тенденциясын білу зерттеушіге өзінің ғылыми бағдарын жетекші, алдыңғы қатарлы амалдармен салыстыруға және қоғамды дамыту үшін қажетті нәтижелерге жетуге жағдай жасайды.
Классикалық ғылымның ұстанымдарына сүйену оны жан-жақты, бір сәттік, жалпы мәнді, жауапкершіліксіз, сенімді, нақты, тиімді де кең жайылған, тәжірибеде тексерілген жүйеде қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы, классикалықтан кейінгі мақсаттар мен ұстанымдар қажеттілік пен кездейсоқтықты, себептер мен салдарларды, бөлшек пен бүтінді танудың базалық категориясын басқаша ойлауға негізделетін кванттық физиканың, генетиканың, релятивистік космологияның жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар тұтас бөлшектерінің қосындысының жағдайына емес, себептілігі өзара қарым қатынастың ықтималдығының жүйесін мойындайды.
Эксперимент жүргізудің де стратегиясы түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Егер классика эксперименттен бірнеше рет қайталап жүргізу нәтижесінде алынған, өзгермейтін ғылыми ақиқатты нақтылауды талап етсе, постклассика мұны өзгермелі тұрақсыз жүйеде міндетті емес деп санайды, себебі мұндай жүйеде қайта-қайта жүргізілген эксперимент нәтижесі өзгермейді деп есептейді.
Ғылымның жаңа сипаттамасының пайда болуы өте күрделі табиғи өзгерістердің пайда болуын зерттеуге байланысты түсіндіріледі. Оған медициналық-биологиялық, экологиялық, биотехнологиялық нысандар, тектік инженерия үдерістері, "адам-машина" жүйелері және жасанды интеллект және т.б. жатады. Олардың ішінде адамды ашық динамикалық түрде дамитын әлеуметтік-биологиялық-ақпарттық жүйе ретінде қарайтын пихологиялық-педагогикалық зерттеулер елеулі орын алады. Тек солар ғана гуманистік ұстанымдар мен құндылықтарға сүйену керектігін, тәрбие мен білім беру сияқты болмыстың нәзік және күрделі кешенді саласында зерттеу жүргізуге шектеу қою және тиым салу туралы мәлімдеме жасап отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамалық негізіне экономикалық және әлеуметтік-саяси мақсаттар мен ғылыми танымның тұлғалық әлеуметтік мәдени міндеттерін жатқызамыз. Тұжырымдаманы, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, классикалық, классикалық емес, классикалықтан кейінгі сияқты амалдар спектрі қолданылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық, оның ішінде психологиялық-педагогикалық танымға дүниені тұтас, сонымен бірге тар көлемде тану тән. Бұл - әлеуметтік шындықты табу, баяндау, бейнелеу, сипаттау және қорытындылау (эмпирикалық кезең), зерттеу мәселесінің проблемасы мен болжамын, заңдылықтары мен себептерін түсіндіре отырып, теориялық және логикалық талдау, ақиқатқа негізделген жоғары дәрежедегі моделін құрастыру, құбылысты жорамалдау және т.б.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің мақсаты тек қоғамды танып білу ғана емес, сонымен қатар оның реттеуге және өзгертуге қатысу болып табылады. Мұндай іздестіруді белсендіруге қоғамды дамытудағы ғылыми іс-әрекеттің шарты және нәтижесі боып табылатын инновациялық орта ықпал етеді. Оған ғылым саласындағы және инновациялық ортадағы кадрлық, ұйымдастырушылық және технологиялық инфрақұрылым мен инвестициялық стратегиядағы мемлекеттік саясат жатады.
Институционалдандыру (латынша institutum - белгілеу, құру, құрылғы, әдет-ғұрып) -ғылымды жасаушы интеллектуалдық ресурстарды пайдаланып құрылған ұлттық инновациялық жүйенің елдің экономикалық мүдделерін қорғайтын маңызы фактор - білімдік қоғамының негізі. Аталған тенденцияларды, құрылымдарды, ұстанымдарды ұғыну педагогика және оның құрамдас бөлімі - білім берудің теориясы мен практикасы, оқыту, үйрету, адамның тағдырына және қоғамның дамуына ықпал етуші ретіндегі дидактика саласындағы ғылыми зерттеушілерге аса маңызды болып табылады. Теориялық білім - ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет