Дәрістер тезисі Математиканы оқытудағы есептің ролі


Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлауға арналған есептер



бет5/8
Дата04.05.2024
өлшемі47.03 Kb.
#500485
1   2   3   4   5   6   7   8
ДӘРІСТЕР (тезис)

Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлауға арналған есептер. 
Математиканың қайталап оқылатын ұғымдарына, заңдарына, әдістеріне оқушылардың зейінін аударады. Мұнда есептер оқушыларға проблемалық ахуал туғызу арқылы теоремаларды дәлелдеуге даярланды. Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер.  Мұндай есептер талдауды, мәліметтер мен ізделетін шамаларды салыстыруды, шығарылатын есепті бұрын шығарылған есептермен салыстыруды, есептің карапайым моделін жасауды, есептіңмәліметтерін синтездеуді және оларды график, таблица, сондай-ақ математикалық сөйлем түрінде өрнектеуді, табылған нәтижелерді нақтылауды, зерттеуді талап етеді. Алайда математикалық есептерді шығару оқушылардың жеке творчестволық белсенділігіне байланысты. Сондықтан, есеп шығарудың басты мақсаттарының бірі - оқушылардың ойлау қызметін жандандыру. Демек, оқушылардың ойлау қызметін жандандыру арқылы есептеулерді орындауды, математикалық сөйлемдерді тұжырымдауды үйретумен бірге, ойлап, талқылауға, математикалық фактілерді салыстыруға, ортақ немесе айрықша қасиеттерді көрсетуге, дұрыс қорытынды жасауға баулуы тиіс. Есептерді шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);•Ойдың ықшамдығы;• Ойлау барысының нақтылығы;• Математикалық символиканы дәл қолдану
Математикалық есептерді шығару тәсілдері. Есеп шығаруда ойлану үрдісін түйінді үш кезеңге бөлеміз: оқушының ойы есептің мазмұнына анағұрлым терең бойлайды, ойлау әрекетінің белсенділігі ең жоғарғы деңгейге жетеді, есепті талдау, есепті алдын ала зерттеу және таныс әдісті қолдану мүмкіндіктерін зерттейді.1. Есептің шартын талдау. Есептің шартына кіретін шамалардың сан мәндерінің арасындағы байланыстарды анықтау мақсатымен есептің берілгені мен белгісізін салыстыру немесе геометриялық фигуралардың жекелеген элементтерінің арасындағы байланыстарды анықтау және шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау. 2. Есепті алдын-ала зерттеу. Берілген есептің түрлі нұсқасын қарастыру, есептің кейбір берілгендерін сақтай отырып, басқасын еркін өзгерту және бұл үрдістегі заңдылықты табу. 3. Таныс әдісті қолдану мүкіндігін зерттеу. Есепке белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарау, есептің берілгені мен белгісіздігінің арасындағы зерттеу әдісіне тән ерекше байланыстарды анықтауға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет