Дәрістер тезисі



бет14/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

М.Вебердің әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы Маркстікіне жақын. Ол да К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көп көңіл бөлген. Тапты экономикалық категория деп түсінген. Маркстен айырмашылығы таптың белгісін тек меншікке ие болумен ғана шектемейді, тапқа бөліну басқа да категорияларға байланысты болады деген. Таптың әлеуметтік белгілері бар деген. Ол белгілер: мамандық, білім деңгейі, қабілет, статус, престиж, т.б. Статус, престиж деген ұғымдары Вебердің теориясында басты орын алады. М. Вебер “стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады [27].
Оның ойынша стартификациялаудың үш өлшемі бар. Олар:
1. Байлық – экономикалық статус.
2. Билік - саяси статус.
3. Мәртебе - әлеуметтік статус.
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатындығы айтылады. Әлеуметтік тап - өте өлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б. жағдайлары болуы міндет. М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. М.Вебер капитализм қоғамындағы таптарды мынадай ретпен белгілейді:

  1. меншік иелері

  2. интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегілер

  3. ұсақ буржуазия, ұсақ бизнесмендер

  4. жұмысшылар.

М. Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екіншісі нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болады.
П.Сорокиннің стратификация теориясы жалпы қоғамды әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлу принциптерін сипаттайтын неғұрлым салмақты тұжырымдамалардың бірі болып табылады. П.Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. Топтарды жоғарғы, орта не болмаса төмен деңгейлерге бөлу стратификацияның негізгі талабы. Осы бөлудің негіздері - құқықты, жауапкершілікті және міндетті әр мөлшерде бөлу. Әлеуметтік құндылықтарды бір топтың иеленуі, ал екіншісі одан тыс қалуы, әр топтың әртүрлі билігі, ықпалы, беделі. Сонымен П. Сорокин топтарды ажыратуда, жіктеуде құқық, жауапкершілік, міндет, билік, ықпал сияқты көрсеткіштердің, белгілердің өте маңызды роль атқаратындығын түсіндіреді. Қоғамдағы адамдардың топтарын ол үшке бөледі. Бірінші топты ол элементарлық яғни, қарапайым топ деп атайды. Бұл топты ажырату критериі бірақ қана белгі болады. Мысалы, бір көшенің не бір үйдің адамдары. Бұл топтың белгісі олардың қонысы, мекен-жайы. Топтардың одан гөрі күрделі кумулятивтік топтар деп атаған. Бұл топтың айырмашылығы, белгілері біреу емес, бірнеше. Осындай топтардың ішінде таптар аса маңызды орын алады. Таптың көптеген белгілері бар – кәсіби, идеологиялық, психологиялық, т. б. Үшінші топтардың типін П. Сорокин күрделі конгломеративтік топтар деп атаған. Бұл топ элементарлық және кумулятивтік топтардың қосындысы, бірақ та өте өлкен топтар, олардың көптеген белгілері болады. Осы айтылған топтар жабық не ашық топтар, не болмаса аралық топтар болулары мөмкін. Жабық топтар дегеніміз адам туғаннан жататын тобы, ол оның ұлты, нәсілі, жынысы, жасы. Ондай белгілер адамның өзіне байланысты емес. Ашық топтарға кіретін
адамдардың қасиеттері өздеріне байланысты. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым теориясы әлеуметтану ғылымында құнды. П.Сорокин әлеуметтік стратификацияны адамдардың тобын иерархиялық рангілерге, топтарға бөлу деп түсіндіреді. Топтарды жоғарғы, орта және төменгі деп бөлу стратификацияның негізгі талабы және бұлай бөлу құқық, жауапкершілік, міндет, билік, ықпал сияқты көрсеткіштерге ие болуға байланысты, дейді П.Сорокин. П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрін көрсеткен: экономикалық, кәсіби, саяси. Экономикалық стр-ның негізі байлық немесе кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі – биліктің болуы немесе болмауы. Кәсіби стратификацияның негізі лауазымды қызмет немесе керісінше қызметтің болмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет