Дәрістер тезисі


Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы



бет10/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мәселесі әлеуметтану ғылымындағы негізгі тақырыптардың бірі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз өзара функционалдық тұрғыдан біріккен, өзара тәуелді, бір-бірімен тығыз байланысқан адамдар арасындағы тұрақты қарым-қатынас. Еңбек бөлінісі қоғамды әлеуметтік топтарға бөлінуіне алып келді, осылайша қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделілене түсті. Яғни қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, арақатынастары. Әлеуметтік құрылым қоғамның тұрақтылығы мен біртұтастығы үшін маңызды құрал. Әлеуметтану ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымның басты элементтері болып табылатын, сонымен бірге әлеуметтік құрылымды түсіндіретін негізгі ұғымдар: қоғам, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік теңсіздік, тап, әлеуметтік топ, әлеуметтік статус, әлеуметтік айырмашылық, әлеуметтік мобильділік, әлеуметтік маргиналдылық, т.б. Бұл ұғымдардың әрқайсысы қоғамда орын алған әлеуметтік құбылыс болып табылады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын толық түсіну үшін осы категориялардың әрқайсысына тоқталамыз:
Әлеуметтік құрылым – қоғамның анатомиялық қаңқасы іспетті (Г.Спенсер).
Әлеуметтануда теңсіздік, стратификация және тап ұғымдары бір-біріне ұқсас, бір-бірімен тығыз байланысты категориялар.
Әлеуметтік теңсіздік – бұл ақша, билік, бедел және т.б. әлеуметтік құндылықтарға жетудегі жеке адамдар мүмкіндігі бірдей емес әлеуметтік жағдай. Әлеуметтік теңсіздік барлық қоғамдық құрылымдарда кездеседі.
ХХІ ғасырда зерттеушілер тарапынан әлеуметтік теңсіздіктің таптық емес нысандарына назар аударылып отыр. Этностық мәртебелі топтар, этностық, гендерлік сәйкестік сияқты әлеуметтік жіктелу көрініс табуда. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің өлшемдері қатарына жас ерекшелігі, денсаулығы, маманның біліктілік деңгейі, эмоцияны басқару қабілеті сияқты өлшемдер кіреді.
Әлеуметтік стратификация – теңсіздік бір ұрпақтар толқынынан келесі ұрпақтар толқынына берілу үшін қолданылатын саяси, экономикалық, құқықтық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғамды топтарға, таптарға, страталарға бөлу, ажырату, олардың арақатынастарын қарастыру. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік құрылымның айырмашылықтары бар. Әлеуметтік стратификация қоғамдағы жіктелу, айырмашылықтар, қарам-қайшылықтарға назар аударса, әлеуметтік құрылым қоғамның тұтастығына, бірігу процестеріне көңіл бөледі. Әлеуметтік стратификацияның негізі адамдарды нақты белгілері бойынша старталарға бөлу. Стартификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққы, беделге, биліке байланысты жіктелетін адамдар тобы бар. Стартификацияның негізгі жіктеу белгісі – теңсіздік. Теңсіздік екі жағдайда: 1) теңсіз әлеуметтік құрылымдар инститтандырылса, яғни заңдастырылса, 2) теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелеріне негізделсе стратификацияға айналады. Теңсіздіктің өлшемдері – бедел, билік, байлық. Осы негізде стратификацияның мына түрлерін бөліп көрсетуге болады: экономикалық, саяси, кәсіби.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет