Дәрістер тезисі


Жетінші тап – төменгі таптың төмені. Бұған кірітіндер жұмысы бар, бірақта жалақылары, американдық өлшеммен алғанда, төмен адамдар



бет16/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Жетінші тап – төменгі таптың төмені. Бұған кірітіндер жұмысы бар, бірақта жалақылары, американдық өлшеммен алғанда, төмен адамдар.
Осы үлгі қазіргі заманғы қоғамдардың әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік жіктелуін анықтайды.
Американдық әлеуметтанушы Т. Парсонстың пайымдауынша қоғамның стратификациялық жүйесі, бір жағынан, еңбек бөлінісіне және әр түрлі топтардың әлеуметтік жіктелуіне негізделген болса, екінші жағынан, ол қандай да бір қызметтің мәнін анықтайтын және марапаттар мен ынталандыруларды бірдей бөлмеуден пайда болатын қалыптасқан әлеуметтік теңсіздіктерді заңдастыратын қоғамдағы басым құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесінің іс-әрекетінің нәтижесі. Т.Парсонс өзінің әлеуметтік әрекет теориясында әлеуметтік стратификацияның әмбебап белгілерін ұсынған:
– “Сапа”, яғни жеке адамға белгілі бір сипаттаманы, позицияны таңу;
– “Атқару”, яғни жеке адамның қызметін басқа адамдардың қызметімен
салыстыра отырып бағалау;
Материалдық құндылықтарға, талантқа, шеберлікке, мәдени
ресурстарға және т.б. “ие болу”. Бұл ретте Т.Парсонс осы үш әмбебап
объектілерді бағалаудың қоғамдағы үстемдік етуші құндылықтар үлгісіне сәйкес жүзеге асырылатындығын атап көрсеткен.
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік.
Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады.
С.С. Фролов әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді.
Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет