Дәрістер тезисі


Білім беруді социологиялық тұрғыдан қарастыратын негізгі мектептер



бет31/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Білім беруді социологиялық тұрғыдан қарастыратын негізгі мектептер.
Құрылымдық-функционалды мектеп. Классикалық мектеп өкілдері О.Конт, Э.Дюркгейм. Құрылымдық-функционалды мектеп өкілдерінің пікірінше білім беру – мәдени, рухани құндылықтарды тасымалдайтын маңызды әлеуметтік институт. Олар білім беруді қоғамның басқа әлеуметтік институттарымен байланыстыра отырып қарастырады.
О.Конт жаңа, индустриалды қоғамды орнату барысында жаңаша білім берудің маңызын айтқан: «...техникалық білім беру мен социологиялық білім беру қатар жүруі тиіс. Адамзат баласы жаңа дәуірге қадам басты, индустриялы қоғам орнайды, техника қарыштап дамиды, еңбек құралдары күрделене түседі. Адамзат қоғамын орасан зор ғылыми ашылулар, жаңалықтар күтіп тұр. Осы жағдайда ғылыми көзқараспен ойлау, әр нәрсенің себебін ғылыми тәжірибелерге сүйене отырып түсіндіруіміз қажет. Ғылымның дамуы адамға, оның өмір сүру жағдайына деген көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Жаңа заманды, индустриялық қоғамды орнату үшін жаңаша ойлайтын адамдар керек. Ал, қоғамды өзгертетін, жаңаша ойлайтын адамдарды қайдан аламыз? Ол үшін мемлекетте позитивті (яғни ғылыми) саясатты іске асыру керек. Ал, ол үшін білім мен отбасылық тәрбиені қолға алу керек. Халыққа, оның ішінде жұмысшыларға, олардың отбасына білім беру керек. Білім бәріне ортақ, қол жетімді болуы керек».
О.Конт баланың білім алуын екі кезеңге бөледі:
Бірінші кезең, отбасылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде баланың бойында әлеуметтену (әлеуметтену дегеніміз адамның қоғамға енуі, қоғаммен араласуы), оқу, эстетикалық даму, шаруаға икемделу, жыныстық жетілу процестері іске асады.
Екінші кезеңде бала мектеп пәндерін игеруі керек. Олар: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.
Баланың толыққанды білім алуы үшін отбасының маңызы зор. Әлеуметтік жағдайы қалыпты отбасыда бала адамгершілік тұрғысынан жетіледі, дамиды.
Э.Дюркгейм «Білім беру және социология», «Моральдық білім беру» атты еңбектерінде білім беруді ұрпақтан ұрпаққа мәдени нормаларды тасымалдайтын құрал, коллективті сананың бір формасы ретінде қарастырады. Дюркгейм білім берудің маңызды қызметінің бірі тұлға мен социумды байланыстырушы қызметі деп көрсеткен. Дюркгеймнің білім беруге қатысты тұжырымдары: Білім беру – әлеуметтік институт. Ол қоғамның тарихи дамуымен, қоғамдағы орын алған жағдайлармен тығыз байланысты, олар білімге әсер етеді және білім сол жағдайларға бағынышты. Қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер білім берудің сипатын өзгертіп отырады. Білім беру ісі қоғам талаптарына бағынуы тиіс. Білім беру әдістері қоғамның типімен байланысты, қоғамдық сана өзгерген сайын білім беруге деген көзқарас та өзгеріп отырды. Егер Спарта қоғамында баланың дені сау, күшті болуы маңызды болса, Афинада дене бітімінің көркемдігі бағаланды. Сондай-ақ ортағасырлық қоғамда жас ұрпаққа білім берудің қаталдыққа негізделген өз талаптары болса, индустриалды қоғамда индивидуалдылық басым.
Әлеуметтік институт ретінде білім берудің басты мақсаты – білім алушының бойында қоғам талап тететін моральды сапаларды ұялату. Яғни білім берудің мемлекеттің идеологиялық саясатымен тығыз байланыстылығын көрсеткен. Білім беру институты жас ұрпақты әлеуметтендіреді. Мұғалімдерге моральды құндылықтарды тасымалдаушы ретінде мемлекет тарапынан қолдау көсетілуі тиіс. Балаға білім беру мен оны тәрбиелеу ісінде мұғалімнің тұлғалық сапалық қасиеттері маңызды роль атқарады.
П.Сорокиннің кәсіби стратификация тұжырымдамасы білім беру процесімен тығыз байланыста қарастырылған. Сорокиннің пікірінше қоғамдағы кәсіби стратификацияның басты шарттары: кәсіптің болуы және кәсіби міндеттерді тиімді орындауға қажетті интеллект деңгейі. Кез келген қоғамда кәсіби қызмет жоғары интеллектіні, қызметке сай жоғары біліктілікті қажет етеді, сондықтан ондай қызмет иелері біліктілікті қажет етпейтін мамандық иелеріне қарағанда бақуатты өмір сүреді, әлеуметтік баспалдақтың үстінде орналасады. Осылайша П.Сорокин адамның алған білімінің сапасы мен кәсібінің, атқаратын қызметінің арасындағы тығыз байланысты және кәсіптің адамның әлеуметтік баспалдақтағы алатын орнына әсерін көрсеткен.
Білім беру социологиясының дамуына үлес қосқан АҚШ ғалымы Дж.Дьюи, білім беру социологиясындағы институционалды мектептің өкілі. Институционалды мектеп білім беруді әлеуметтік институт ретінде және білім берудің қоғамның басқа әлеуметтік институттарымен қарым-қатынасы шеңберінде қарастырады. Қоғамдағы әлеуметтік институттар бір-бірімен тығыз байланысты және олардың дамуы қоғамдағы жағдайлармен тығыз байланысты. Дьюидің пікірінше білім – прогресстің қозғаушы күші, білім беру жүйесінің негізгі атқаратын қызметі білім алушының тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мектепте білім берумен қатар баланы еңбекке баулу ісі қатар жүруі қажет. Білім беру ісі мемлекеттің ұстанатын саясатынан тысқары болмауы керек, білім беру ісі мемлекеттің идеологиялық бағытын ұстануы тиіс.
Сонымен, құрылымдық-функционалистер қоғамды жүйе ретінде талдап және жүйедегі әлеуметтік институттардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын, функционалды бағыныштылығын айтқан. Білім беруді қоғамның маңызды институты ретінде, оның басқа институттарға әсерін қарастырған.
Сонымен, білім берудің құрылымдық-функциялық үлгісі бойынша, білім беру көптеген әлеуметтік сұраныстарға сай болуы керек. Ол жастарды үлкен мәдени бірлестікке біріктіреді, білім беріп, белгілі бір дағдыларды қалыптастырады және әлеуметтік өзгеріске себеп бола алады. Сонымен қатар құрылымдық функционалистер білім берудің қоғамға тигізетін айқын және жасырын қызметін де айтқан. Білім берудің айқын қызметі білім беру болса, жасырын қызметі - әлеуметтік сұрыптау, яғни теңсіздіктің қайнар көзі. Осындай көзқарасты әлеуметтанудағы негізгі ғылыми мектептің бірі конфликтті көзқарас. Білім беру социологиясындағы конфликтті көзқарас немесе конфликт парадигмасы К.Маркстің ілімдерінен бастау алады. Бұл ілім өкілдерінің пікірінше, білім – қоғамдағы теңсіздіктің тудырушысы. Маркс капитализм қоғамын зерттей келе, капитализмді теңсіздік жайлаған қоғам деп түсіндіреді. Бұл қоғамдағы білім беру процесі теңсіздіктің өршуіне жол ашады, білім беру ісі әділетсіз, тиімсіз. Білім беру саласында да аласталу (отчуждение) байқалады: мұғалімдердің ереуілдерге шығуы, кадрлар ағыны, оқуға құштарлықтың төмендеуі. Капитализмде онтогонистік екі таптың білімге қол жетімділігі әр түрлі. Капиталистерге төменгі тапты білімсіз етіп ұстап отыру тиімді.
Білім беру социологиясындағы конфликт теориясы М.Вебердің есімімен де тығыз байланысты. Оның пікірінше, білім беру институтының қоғамда атқаратын негізгі қызметі – ерекше мәдени статустарды меңгерту. Мәдени статустарды меңгеру жетістікке жетудің кепілі, бұларды адам мектепте меңгереді, осыдан келіп қоғамда теңсіздік туындайды. Қоғамдағы мүдделер арасындағы қайшылықтар білім беруге әсер етеді. Білім - статусы жоғары топтардың (элита) мақсатқа қол жеткізу үшін (билік ету) пайдаланатын құралы. Вебер білім берудің индустриалды кезеңге дейінгі қоғамдар мен индустриалды қоғамдағы ролін талдаған. Рационалды, дамыған қоғамдарда (сонымен қатар, Вебердің айтуы бойынша бюрократиялық қоғамда) басқару стилі де жаңаша. Индустриалды қоғам ең рационалды қоғам. Бұндай қоғамда қалалар дамиды, білім алу процесі рационалды (немесе ақылды) ұйымдастырылған.
Қазіргі конфликт теориясы бойынша, білім беру стратификация құрылымын төрт механизм арқылы қолдап, жүзеге асыруға көмектеседі. Олар: теңсіздікке мойынсұнатын жұмыс күшін оқыту (астыртын оқу бағдарламасы), элита өкілдерінің балаларына жақсы жұмыс орындарын сақтау үшін креденциализмді қолдануы, басым мәдениетті сақтау және кедей топтардың білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Сонымен, конфликт теория өкілдері білім беруді теңсіздіктің басты құралы ретінде сипаттайды. Адамдарды алған біліміне қарап бағалау – креденциалзм.
Символдық интеракционистер білім беруде теңсіздік туғызатын процестерді зерттейді. Бұл процестің негізгі элементі – элиталық сабақтастық және балалардың мәдени капиталындағы айырмашылық, екеуі де кедей студенттердің жағдайын жақсартуына жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет