Дәрістер тезистері Дәріс №1 Тақырыбы


Ата-аналарға арналған кештер мен үйірмелер



бет20/24
Дата26.10.2022
өлшемі381.5 Kb.
#463371
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Д рістер тезистері Д ріс №1 Та ырыбы

Ата-аналарға арналған кештер мен үйірмелер
Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналар мен жанұяның басқа да мүшелері үшін өткізілетін кештер тақырыптық сипатта болады, мысалы: «Музыка және балалар», «Кітап бала өмірінде», «Бала мен табиғат».Жұмыстың бұл формасының өзіндік ерекшелігі сол,қысқаша хабардан соң жиналғандарға балалардың, балалар мекемесі қызметкерлерінің, ата-аналардың өздерінің көркем өнерпаздығын көру ұсынылады. Мысалы музыкалық жетекшінің сөзінен кейін балалар өздері үйренген әндері, билерді орындайды.
«Өз балаларын қалай сүю керек?», «Бала тәрбиесінде әкенің ролі», «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» деген тақырыптардағы кештерді, сұрақ және жауапкештерін өткізу тәжірибесі қызықты; сондай-ақ ата-аналардың балалар жазушылармен, ақындармен, композитоалармен кездесулері де пайдалы.
Бала тәрбиелеуде қажетті іскерліктерді меңгеруде ата –аналарға көмектесу мақсатымен оларға арнап қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады, ол сабақтарда ата-аналар балалар киімін пішуді, тігуді, тоқуды, алуан түрлі тағамдар пісіруді, балалар әндерін, қолдан ойыншықтар жасау өнерін т.б. үйренеді.
Жанұямен жұмыстағы көрнекілік.
Жанұямен жұмыстағы ең мол сенімділік пен пәрменділік көрнекі құралдар комплексін пайдалану арқылы: тәрбиешінің балалармен жұмысын көрсету, техникалық құралдарды пайдалану, көркем стендтар, фотовитриналар т.б. ұйымдастыру арқылы қамтамассыз етіледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің практикасына ата-аналар үшін ашық күндер (ата-аналар күндері) еніп жүр, бұлар бір жылға жоспаланады. Ол күндер туралы ата-аналарға ерте бастан хабарлайды. Бұл күндері ата-аналар балалардың сабағын, ойын және еңбек әрекетін, серуендеуін бақылайды: оларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің қандай тәсілдерді пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін коллективте қалай ұстайтынын көздерімен көреді. Арнайы жоспарлаған ашық орындардан тыс,ата-аналарға мектепке дейінгі мекеме өмірінен жеке фрагменттер көрсету практикаланады. Кейде бұл белгі бір тақырыпта баяндама басталғанға дейін жасалады. Мысалы, баяндаманың тақырыбы «Балаларды мектепке математикалық жағынан дайындау» болса, ата-аналарға математика жөніндегі сабақты көрсетеді т.с.с.
Тәрбие тақырыбына арналған кинофильмдер ата-аналарға үлкен пайда береді,бұлар көбінесе аналар мен әкелерді толғандырып жүрген мәселелер бойынша қызу талқылаудың, диспуттың бастамасы болады.
Дыбыс жазатын техника балалардың қалай сөйлейтінін,олар орындайтын әндерді, өлеңдерді, әңгімелерді көрсету үшін, сондай-ақ балалар репертуарындағы музыкалық шығармалармен таныстыру үшін пайдаланылады.
Тәрбиешілер ата-аналарды балалардың творчествалық еңбектерімен: суреттерімен, жапсырған, құраған, табиғи материалдан жасалаған бұйымдармен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырады. Сондай-ақ мазмұны белгілі бір тақырыпқа арналған тексті материалдардан және фотоиллюстрациялы материалдардан тұратын, мәселен: «Интернационалистер тәрбиелейміз» немесе «Балаларды мектепке дайындаймыз» деген сияқты стендтер мен витриналар жасау да пайдалы. «Үйдегі демалыс күні» балалармен табиғатқа шығып серуендеу семьяда дауыстап оқу,ересектер мен балалардың бірлескен еңбегі, үйдегі ойындар мен шаруалар туралы материалдардан құралатын стендіні осылай атауға болады. Жекелеген стендтер информациялық сипатта болады: мектепке дейінгі мекемедегі күн режимі, балалардың салмағын өлшеу нәтижелері, тәрбиешілердің балалармен жүргізетін жұмысының бір-екі аптаға арналған жоспарлары, ата-аналар үшін консультациялар күндері мен сағаттары т.т.
Көрнекі материалды ата-аналардың белсеніп қабылдайтын болуы үшін оған олардың назарын аудара білу керек,ол материалдың бала тәрбиелеуде қалай пайдаланатынына зер салу қажет.
Мектепке дейінгі мекеме өмірінде, әсіресе семьямен жұмыста ата-аналар жұртшылығы елеулі роль атқарады. Әрбір балалар бақшасында ата-аналардың жалпы жиналысында сайланатын ата-аналар комитеті болады. Оған барлық жас топтарындағы балалардың ата-аналарынан өкілдер кіреді.
Ата-аналар комитеті өз жұмысын «Балалар бақшасындағы ата-аналар комитеті туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырады. Оның жұмысы бір жылдарға жоспарланады; оның мазмұны балаларды тәрбиелеуде,сондай-ақ семьямен жұмыс жүргізуде мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған. Әрбір жас тобына ата-аналар активі бар, ол мүмкіндігінше тәрбиешілерге жәрдем көмектеседі: ата-аналар жиналыстарын, кештерді әзірлеуге көмектеседі,ата-аналарды жекелеген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға тартады.
Балалар бақшасының ата-аналар комитеті мен активі жайсыз семьяларға ерекше көңіл бөледі: оларға барып тұрады,өз балаларын тәрбиелеуге жеткілікті түрде жауапты қарамайтын,мектепке дейінгі мекеменің талартарын орындамайтын ат-аналарға ықпал жасайды. Тәрбиешілермен бірге ата-аналар активі семьядағы тәрбиенің ең жақсы тәжірбиесін зерттейді,оны таратуға қатысады.
Ата-аналар комитеті тәрбиешілерге қоғамдық бақылау жасау және көмек көрсету мақсатымен мектепке дейінгі мекемеде ата-аналардың кезекшідлігін ұйымдастырады. Ол әрбір ауданда, қалада және жекелеген кәсіпорындарда болатын ата-аналар жұртшылығы кеңесімен тығыз байланысты болуға, оның жұмысына белсене қатысуға тиіс.
Ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыруда ата-аналар активінің ролі өте зор; активті ата-аналар мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлерімен бірге, ата-аналардың жаппай оқуын жүзеге асырады,педагогикалық білімдерді табандылықпен меңгерудің үлгісін көрсетеді.
Халықтың педагогикалық мәдениетін көтеру-коммунистік тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Барлық ересек халық,алдымен ата-аналар балалар мен жастарды тәрбиелеуге даярланған болуға тиіс. Осы мақсатпен біздің елімізде халық арасында педагогикалық білімді кеңінен насихаттау ісі ұйымдастырылады. Бұл жұмыстың ұйымдастырушылары-Педагогикалық қоғам, Бүкілодақтық «Білім» қоғамы, СССР Педагогикалық ғылым академиясы. Елде ата-аналардың жаппай оқуы жүргізіледі,оның мақсаты барлық аналар мен әкелерді педагогикалық біліммен қамту,олардың әрқайсысына тәрбиенің өзекті проблемалары бойынша білім жүйесін беру болып табылады. Өз шәкірттерінің ата-аналары жөнініде бұл міндетті мектепке дейінгі мекемелер шешеді. Халықты педагогикалық біліммен кеңінен қамту үшін елде педагогикалық білімнің халықтық университеттерінің жүйесі құрылып, барған сайын кеңейе түсуде,оларда мектепке дейінгі факультеттер семьядағы тәрбие факультеттері бар. Олардың жұмысын СССР Оқу министрлігі жанындағы педагогикалық білімнің халықтық университеттеріне жәрдемдесу кеңесі үйлестіріп отырады.
Педагогиалық білімді насихаттау «Ата-аналар,сіздер үшін» деген рубрикамен берілетін телевизия және радио хабарлары түрінде,мерзімді баспасөз, «Дошкольное воспитание», «Семья и школа» журналдары арқылы жүзеге асырылады.Ата-аналарға арнап «Педагогикалық факультет» бюллетені («Білім» баспасы),көптеген көркем-педагогикалық,ғылыми-көпшілік және методикалық әдебиет шығарылады.
Жас семья мектептері,жас ата-аналар клубтары,демалыс күнгі семья клубтары, тәрбие тақырыбындағы мәселен, «Біздің балаларымыздың бақыты неде?» , «Үнемі біздікі дұрыс па?» сияқты ауызша журналдар барған сайын кеңінен таралып келеді. Мұндай журналдардың беттерін педагогтар,дәрігерлер,юристер жүргізеді. Кітапханалар көркем-педагогикалық шығармалар бойынша оқырмандар конференциялары мен диспуттарын ұйымдастырады.
Мектепке дейінгі мекмелердің қызметкерлері,алдымен тәрбиешілер педагогикалық насихатқа белсене қатысады,оның ұйымдастырушылары ролінде,мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелері жөніндегі лекторлар мен консультанттар ретінде көп жұмыс атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет