Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысының формалары мен мазмұны
Отбасымен жұмыстың жеке формалары
Әрбір отбасыны, оның тұрмыс жағдайын,баланы тәрбиелеу жүйесін жақсы білу үшін, қажетті өзара түсінісу мен сенім қалыптастыру үшін мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері ата-аналармен жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын пайдаланады, бұлар: әңгімелер, консультациялар, отбасына бару, жекелеген аналарды, әкелерді балалар бақшасына шақыру, жеке ескерткіш кітапшалар мен жылжыма-папкалар жасау.
Ата-аналармен және отбасымен басқа да мүшелермен әңгіме ертеңгісін және кешкісін,балаларды балалар бақшасына әкелген және үйге алған кезде өткізілуі мүмкін.Тәрбиеші әңгіме өткізу үшін ата-аналарды немесе отбасының басқа мүшелерін арнайы шақыра алады.
Тәрбиешінің ата-аналармен тәңертеңгі кездесу әңгімелері қысқа болады,бірақ баланың көңіл күйін білу үшін, сондай-ақ оның жақындарының көңілін көтеріп, тәрбиешіге сенім сезімін туғызу үшін ол әңгімелердің көп маңызы бар.
Баланың кешкі уақытты және түнді қалай өткізгенін сұрағаннан кейін тәрбиеші ата-аналарға бүгін қандай қызықтар болатынын: паркке саяхатқа баратынын, музика сабағы болатынын т.б мүмкіндігінше қысқа хабарлайды.
Ата-аналармен кешкі әңгімелер де уақыт жағынан шектеулі. Педагог олардың кейбіреулеріне балалар бақшасында баланың күнді қалай өткізгенін,өзін қалай ұстағанын,не нәрсеге назар аудару керек екенін айтады: мысалы,ата-аналарға баласының жақсы кезекші болғанын, оған өзі тұратын көшемен танысып келуге тапсырма берілгенін,осы жөнінде оған көмектесу керек екенін айтады. Баланың үстінен ата-анаға шағым айтуға болмайды,өйткені олардың бұған реакциясы педагогикалық тұрғыдан жарамсыз болып шығуы мүмкін. Жиі шағына беру тәрбиешінің педагогтық дәрменсіздігін ғана дәлелдейді.
Ата-аналармен кешкі әңгіме кезінде мектеп жасына дейінгі баланың сыртқы пішініне қатысты ескертпелер айтылуы да мүмкін (шашының өсіп кеткені, аяқ киімінің тарлығы т.б) мұндай ескерпені әдепті түрде,ақыл-кеңесін балаға деген қамқорлықпен негіздей отырып айту керек.
Ата-аналармен әңгімелер қысқаша болғанымен мазмұнды, олар үшін пайдалы болуға тиіс.Бұған тәрбиешінің жақсы дайындығы, ізгі ниеті көмектесу.
Ата-аналар мен балалар бақшасының меңгерушісі де, медецина қызметкерлері де әңгімелеседі.
Ата-аналарға консультациялар олардың бала тәрбиелеуде жіберген қандай да бір ағаттықтары мен қателіктерін талдау үшін неғұрлым келелі әңгіме қозғап, жағдайды түзету жөнінде сапалы кеңес пен нұсқау беру қажеттігі туған кезде өткізіледі. Мысалы, баланың қиқарлану себебі семьядағы теріс тәрбиеден екеніне көзі жеткен тәрбиеші қиқарлық себебін түсіндіріп, оны жоюдың жолдарын үйрету үшін баланың анасын немесе әкесін консультацияға шақырады.
Ата-аналарға арналған консультацияны тәрбиеші, дәрігер, мекеме меңгерушісі, логопед,юрист, өткізеді.Мұнда ата-аналардың консультация өткізушіні ықыласпен тыңдап, сұрақ беруі, кейбір ақыл-кеңестерді жазып алу үшін тыныш,іскерлік жағдай туғызу маңызды.
Консультация өткізу инициативасы тәрбиешіден де,ата-аналардан да шығуы мүмкін.Консультацияның оңдынәтижесі педагогтың нақ сол отбасындағы баланы тәрбиелеу жүйесін білуіне,берілген ақыл-кеңес пен нұсқаудың қаншалықты сапалы екеніне байланысты. Консультациядан соң біраз уақыт өткеннен кейін ол ата-аналардың алған білімін өз балаларын тәрбиелеуде қалай пайдаланып жүргенін сұрап біледі.
Шәкіртінің отбасын зеріттеп білудің, ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың,нақты көмек көрсетудің пәрменді жолдарының бірі тәрбиешінің сол отбасына баруы болып табылады. Педагог отбасына зеріттеуші ретінде емес,бала тәрбиелеудің күрдегі ісіндегі дос әрі жәрдемші ретінде келеді. Негізгі мақсат-бала тәрбиеленіп жүрген жағдайды көру және ата-анаға қажетті көмек көрсету.
Тәрбиешіден әдептілік, инабаттылық, нұсқау беру нақтылығы талап етіледі.
Міне, сондықтан да отбасында әрбір барған сайын жақсылап дайындалу: алдына айқын мақсат қою, педагог жауап алғысы келетін сұрақтарды,ата-анаға айтқысы келетін ұсыныстар мен ақыл-кеңестердіойластырып алуы маңызды.
Алғашқы бару айрықша жауапты. Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы өзара түсінісудің,сенім мен байланыстың орнауы көп жағынан сол бірінші барудың қалай өткеніне байланысты болмақ. Отбасына барғанға дейін оның құрамына, ата-аналардың мамандығын, жұмыс орнын, үйден балалар бақшасы мен жұмыс орнына дейін қанша жер екенін сипаттайтын деректерді біліп алу қажет. Егер тәрбиеші отбасына барар алдынан өзі үшін баланың даму және тәрбиелену дәрежесі жөнінде мінездеме тұжырып,анықтауды, ата-аналармен бірге талқылауды керек ететін сәттерді айқындап алса, отбасына бару неғұрлым нәтижелі болады.мысалы :егер бес жастағы бала балалар бақшасында жеткілікті тәуелсіздік көрсетпесе, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын нашар меңгерсе, тәрбиеші отбасына барған кезде мына мәселелерді анықтайды: бала үйде нені өзі істейді?
Қандай тапсырма мен міндет атқарады? Педагогтың ақыл кеңестері мен ұсыныстары отбасындағы әңгіменің барысынан туындайтын болады. Бірінші бару тәрбиешіге отбасының тұрмыс жағдайы,отбасы климаты,баланы тәрбиелеу жүйесі туралы жеткілікті түрде толық жалпы ұғым беретін болуға тиіс.
Одан кейінгі барулар педагогтың бала тәрбиесінің нақты мәселелерін, мысалы: оның үйдегі ойын қызметін,еңбек тәрбиесін т.т қалай ұйымдастырылатынын және басқарылатынын толығырақ біліуіне көмектеседі. Әдетте, ол өзінің баратын уақыты туралы ата-анамен алдын ала уағдаласып алады,мұның өзі тәрбиеші отбасына келген кезде неғұрлым емін-еркін жағдай туғызады.
Жеке бақылаулар,ата-анаға,отбасының басқа мүшелеріне,баланың өзіне қойылатын сұрақтар арқылы, ізгі ниетпен өтетін әңгіме барысында тәрбиеші өзіне қажетті,баланы оның отбасын жақсырақ білуге,тәрбиелеу процесін неғұрлым пәрмендірек жүзеге асыруға көмектесетін ұғымдар мен деректер алады.
Отбасындағы әңгімелердің мазмұны балалардың жасына да байланысты. Кішкене сәбилердің ата-аналармен әңгіме дербестік,гигеналық дағдылар тәрбиелеу, тілін дамыту туралы болады: мектепке дейінгі ересек балалардың ата-аналармен әңгіме-балалардың ойнын,еңбегін басқару, кітапты пайдалану, адамгершілік-ерік сапаларын қалыптастыру хақында болмақ.
Отбасында қайталап болған кездері тәрбиеші өзінің айтқан ақыл-кеңестері мен ұсыныстарының орындалған-орындалмағанын сұрастырып біледі. Отбасында болудың нәтижелерін арнаулы дәптерге немесе есеп күнделігіне жазып отырған жөн.
Баланың мінез-құлқындағы кейбір ерекшеліктерді және оған педагогикалық ықпал жасау жолдарын неғұрлым сенімді, айқын көрсету үшін жекелеген ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері мектепке дейінгі мекемеге шақырылады. Мысалы, Коляны үйінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз деп есептейді,оған шамадан тыс қамқорлық көрсетіп,ол үшін бәрін ата-ананың өздері істейді. Баланың топта өзін қалай ұстайтынын бақылаған ата-ана үйінде де оны дербестікке тәрбиелейтін болады.
Отбасымен жұмыс практикасында тәрбиешінің ата-аналарға жекелеген тапсырмалар беріп,өтініштер айтыуы өзін ақтап жүр, мәселен: қуыршақтарға атап ұлыттық немесе кәсіби кастюмдер тігу, ойыншықты жөндеу,учаскеде ойынға арналған үйшік салу үйді мерекеге әзірлеуге көмектесу,қабырға тезетіне мақала жазу т.т. Мұндай тапсырмаларды орындау ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өміріне жақындата түседі.
Жекелеген отбасындағы балалардың тұрмысы мен тәрбие жағдайын,ата-аналардың кездесетін қиыншылықтарын, олардың тәрбиелеудегі ағатықтары мен қателіктерін ескере отырып,педагог ескерткіш кітапшасын жасайды,онда белгілі тақырыпқа айтылатын ақыл-кеңестер мен ұсыныстар,мысалы: баланың бойында әдептілік, еңбек сүйгіштік, мінездің ерік қасиетін қалай тәрбиелеу керектігі,үйде кітапты қалай пайдалану керектігі т.т қысқаша баяндалады. Тәрбие проблемаларының бірі егжей-тегжейлі көрсетілетін, ата-аналарға көмектесуге арналған материалды жеке папкаға жинап,отбасыға уақытша беріп отыруға болоды.Папкада балаға,мәселен,ақыл-ой тәрбиесін берудің мәнін ашатын бірнеше текст, ата-аналардың оқып білінуіне арналған әдебиеттер тізімі, көрнекі иллюстрациялық материалдар болады.
Бала отбасынан бөлек тұратын мезгілде (саяжайға шығумен байланысты) тәрбиеші ата-аналармен хат жазысып тұрады. Баламен бірге ол қысқаша хат жазып, онда баланың көңіл күйін, қандай табыстарға жеткенін хабарлайды.Ата-анаалар бұл хаттардан тәрбиешінің ықыласын аңғарып,оған алғыс сезімін білдіреді. Жауап хаттарды балалар үлкен қуанышпен қабыл алады.
Отбасымен жүргізілетін жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын шебер таңдай білу,ұштастыру,пайдалану отбасындағы тәрбиешінің оңды тәжірибесін ашып, оны одан әрі зеріттеп,таратуға, сондай-ақ бала тәрбиесінде сол отбасының тұрмыс жағдайын ескере отырып,ата-аналарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |