Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет5/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдертәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсіліжалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер-бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға-әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.
Педагогикалық үдерісте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланыста қарастарады. Н.К.Крупская: «Балалармен құрғақ сөйлескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне сенім арттыру керек», - дейді. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру -баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.
Бұл әдістің психологиялық негізі-баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Жеке тұлғаның эстетикалық және физиологиялық жағынан адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп, қалыптастырудың қажеттілігін ашып көрсетіп, олардың өз мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет