Талап қою арқылы дамыту ұстанымы тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескере отырып мектеп оқушысы ережесін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау, өзінің іс-әрекетіне есеп бере отырып, ерік, жігерін қалыптастыру.
Еңбек арқылы тәрбиелеу ұстанымы қазіргі нарықтық заманда және жаңа ақпараттық даму үдерісінде әлемдік білім кеңістігіне шығу үшін және сапалы өмір сүруге дағдыландырады.
Тәрбиенің жүйелілік ұстанымы тәрбие беру үдерісінде, баланы отбасынан бастап, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, қосымша білім беру мекемелері т.б. жас және дара ерекшеліктеріне негіздей отырып жүргізу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады.
Тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу қазіргі көп ұлтты Қазақстан халқы үшін өте қажет деуге болады. Бала жастайынан қоғамдық қатынастарға түсу арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалыптасады. Ұжымда баланың тұлғалық қасиеті көрініс береді. Ұжымда бір-біріне деген көмек, достық, мейрімді қатынастар арқылы олардың мінез-құлқы қалыптасады.
Мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта жүйелі түрде бір мақсатқа негізделген тәрбие беру үдерісі негізінде жүзеге асырылса біз қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастыруға қол жеткіземіз. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде тәрбиенің негізгі ұстанымдары тәрбие беруді ізгілендіру; даралық ұстанымы; тәрбие берудің үздіксіздігі мен жүйелілігін сақтау ұстанымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктері негізгі орын алады.
Жетпісінші жылдардың соңында тәрбиенің жүйелігі туралы теориялар педагогикада орын алып, Ф.Ф. Королевтың еңбектері әдіснамалық негізі болып қаралды. А.Т. Куракин, Л.И. Новикова және А. Левин тәрбие саласының кейбір объектілерін зерттеумен, үлгісін құруда пайдаланудың теориялық негізін қалағандар. Мектептің тәрбие жүйесі – өзара байланысты компонент (тәрбие мақсаты, адамдардың әрекеті және қарым-қатынас, өмірлік бағдары) жиынтығы, мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және үнемі әсер ететін тәрбие факторы делінген [49, 125].
К.Ж. Қожахметова мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басты міндеті тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру және оның бір-бірімен байланысты оқыту барысындағы тәрбие, сабақтан тыс тәрбие, мектеп ұжымындағы қарым-қатынас стилі, психологиялық ахуалы, сыныптан тыс тәрбие жұмысы, мектептен тыс тәрбие жұмысы, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысты негізгі компоненттер деп көрсеткен. Олай болса, педагогика ғылымында қалыптасқан мектептің тәрбие жүйесінің бір сыпырасына тоқталуды жөн көрдік [50, 93].
Мектептегі тәрбие жүйесінің дамуына белгілі педагог С.Т. Шацкийдің жүйесі негіз болып, балалардың түрлі әрекетін, оның ішінде еңбек әрекеті жетекші іс-әрекеті ретінде ұйымдастырып еңбек, ақыл-ой, эстетикалық, гигиеналық, әлеуметтік тәрбие беруді мақсат етті. 1919-1931 жылдар аралығында Калуж губерниясында
«Серігу» мектеп-колониясының базасында тәрбие жұмысын бастады. Ғалымның көзқарасы бойынша қоршаған ортаның тәрбиелік құбылыстары мен фактілерін пайдаланып қоймай, оқушылардың сабақтан алған білімдерін жандандыру негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет деп санады. Бірінші тәжірибелі станцияның құрамына білім беру сатылары: балалар бақшасы, бастауыш және орта мектеп, интернат және клубтар енгізілді. Кейін мектептің қоғамдық қатынасын күшейту үшін колхоз құруға қатыстырды. Бірақ бұл жүйе шынайы өмірден алшақ болып, колхозшылардың қарсылығын тудырып, кейін ойланбай пайда болған теориялық тәрбие мақсатын көздегені айтылды [51, 78].
С.М. Ривес және Н.П. Шулман Одессада № мектепте балалардың қуанышы, шығармашылығы мен еңбегі, балаға деген жоғары құрмет және оның мүмкіндігіне сенімді болу жағдайын жасау міндетін қойды. С.М. Ривес және Н.П. Шулманның панасыз жетім балалармен ұжымшылдық, өз ынтасымен, революция идеалына берілгендік, дербестік туғызатын балалардың қызықты әрекетін ұйымдастырды. Коммунада ең басты рольді еңбек әрекеті алды. Барлық балалар өзіне- өзі қызмет жасады. Ізгілік және жауапкершілік қалпы оқушылардың мінез-құлқынан көрініп, ең қиын жұмысты жоғары сынып оқушылары алып «қара жұмыс үйірмесі» деп атаған. Бұл тәрбие жұмысының күштілігі педагогтар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас өктемдік, күш көрсету мақсатында болмаған, олардың пікірімен санасып құрмет көрсетуі, жоғары гуманизм идеясының ұстануы, түрлі педагогикалық құралдардың қолданылуы бүгінгі күнге дейін құнды педагогикалық әрекетінің нәтижесін көрсетті. Бірақ бұл жүйенің өзіндік кемшілігі оқу әрекеті сыныптан тыс жұмыстарға тәуелді, білім екінші құбылыс болып саналды.
М.М. Пристактың жүйесі Лепешинский атындағы тәжірибелі –
көрсеткіш мектеп коммунада іске асырылып, болашақ ұрпақты еңбек өміріне дайындауда төмендегідей жүйемен жұмыс істелді:
еңбек адамдарының әрекетімен және қоршаған ортамен таныстыру негізінде педагогикалық әрекетінің авторлық бағдарламасын ұсынды;
әлеуметтік ағза ретінде өндірісті оқып үйрену, оқу түрткісін қалыптастырып, бақылау және әсер алу арқылы оқу процесін ұйымдастыруды көздеді;
мектепті өзін-өзі басқару принципі мен ұжымның әрекеті ұйымдастырылды. Жүйенің мақсаты – панасыз балаларды тәрбиелеу, өзін-өзіқайта тәрбиелеуге тілегінің болуы, танымдық, шығармашылық, еңбек әрекетіндегі белсенділігін қалыптастыру.
Гинзбургтің жүйесі Москвадағы Радищев атындағы мектепте сыныптан тыс жұмысты еңбек тәрбиесіне бағыттады. Мектепте балалар тек пайдалы өнім беру керектігі туралы ереже қабылданып, түрлі формада тәрбие жұмыстары ұйымдастырылды. Мәселен,
«Сауатсыздыққа қарсымыз», «Жаңа жол» үйірмесі өздерінің ұрандарымен колхозшыларға көмектескен. «Адамға ар-ұят неге керек», «Адам қандай болу керек?» деген тақырыптарда кештер ұйымдастырылған. Бірақ, бұл мектепте келе-келе тәрбие жүйесі таптық сипат алып, жалпы адамзаттық құндылық пен ізгілендіру идеялары кейінге ысырылды[52, 15-18].
А.С. Макаренконың тәрбие жүйесі ұжым арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Басты принципі адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап ету принципі басшылыққа алынды. Ұлы ғалым ұстаз тәрбие жұмысын ұйымдастыруда төмендегі жағдайды еске алуды ұсынды:
тәрбие мақсаты тәрбиеленушілердің қызығуын оятып, ойына қозғау болатындай ұйымдастыру;
тәрбиелеу мақсатына тәрбиешілердің шын қызығушылығы болуы керек;
тәрбие еңбек процесінде жүзеге асады және жарыс түрінде, жарысқа күштілер мен әлсіздердің арасында болмауы қажет;
мақсатты тәрбиеленушілер түсінетіндей және мүмкіндігіне сай болуы керек – деп көрсетіп берді [53, 314] .
В.А. Сухомлинскийдің жүйесі Украинадағы Павлышский ауыл мектебінде интеллект, эмоция және әрекет арқылы жүзеге асты.Баланың жеке қызығушылығын, ұжыммен және қоғаммен байланыстырып, сәйкестендіріп тәрбиелеуді мақсат етті. В.А. Сухомлинскийдің тәрбие жүйесінде әдемілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу басты орын алды. Оның пікірінше, мектеп баланың рухани толыққандығымен, еңбек пен шығармашылық қуанышын сезетіндей болуы қажет [54, 180].
Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі – сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі өнегелерін сыныптан тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді. Соңғы кезде бастауыш мектептің алдына қойылып отырған тәрбие міндеттері сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шаралардың мазмұнына өзіндік әсер етіп отыр. Себебі, бастауыш мектеп бойынша білім стандарты, тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары (сынып үшін) және жаңа ұлттық негізде жазылған оқулықтар, әдістемелік құралдар сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларға жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздегі мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстар екі бағытта: сыныптан тыс тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмыстар деп жеке пәндер бойынша жүргізілді. Сондай тәжірибелердің бірі Н. Черниловскаяның “Тарих пәнінен кластан тыс жұмыс жүргізудегі тәжірибеміз” атты мақаласында оқушылардың пән бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстардың тығыз байланысты, оның жалғасы ретінде тығыз байланыста жүргізілетін айта келе, оқушылармен жеке және шағын топтарымен жұмыс, олардың едәуір бөлігін қамтитын көпшілікпен жүргізілетін жұмыстар деп бөліп қарастырды [55, 25].
1975 жылы С. Ешімхановтың “Отан соғысы жылдарында оқушыларға сабақтан тыс уақытта патриоттық тәрбие беру” атты зерттеуі жарық көрді. Сол жылдардағы тәрбиенің бағыттары, мазмұны оқушылардың патриоттық сезімін тудыратындай жолдары, формалары көрсетілген. Жалпы осы уақытқа дейін қолданып келген сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына: факультативтік сабақтар, үйірме жұмыстары, тәрбие сағаттары, бақылау-зертхана жұмыстары, апталықтар, конференциялар, кештер, ертеңгіліктер, сайыстар, маусымдық мекемелер т.б. жатады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізуде талаптар басшылыққа алынды:
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды түгелдей қамту.
Әрбір оқушының талап-тілегін ескеру.
Балалардың жеке дара қасиетін білу.
Шығармашылық ізденістерін дамыту.
Қоғамдық істерді ұйымдастыру.
Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мектеп директорының, мұғалімдердің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінен оқушының іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты [56, 15].
В.А. Караковский жүйесінің ерекшелігі – тәрбие жұмыстарын шығармашылық және ғылыми ізденіспен интеграциялауды (кіріктіруді) көздеу. Жүйенің негізгі композициялық түйіні көктемгі каникулда коммунарлық жиналыс жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер және өткен жылғы түлектермен ойын, қызықты жұмыстар орындайды, күрделі педагогикалық композиция болып, сол кездегі адамдар арасындағы қарым-қатынасының идеалды моделі ретінде әрекет етті [57, 187].
Солтүстік-Кавказда Л.И. Токарскийдің сыныптағы тәрбие жүйесі бойынша 30 ұлттан құралған мектеп оқушыларымен жүргізген тәжірибесі бізді қызықтырды. Л.И. Токарскийдің ең басты тәрбие принципі жеке тұлғалық келу, сыныпта балалардың әрқайсысы өзін “ең жақсы...” сезінеді. Баланың мектепке бірінші келген күнінен педагог өзіне жақын тарту жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, оқушылардың бірін-бірі толық білуі үшін жеке суреттері ілінген стендте жағымды эпитеттер беріледі. “Асылханов Мұрат – ең байсалды, Ізбасаров Ерлан – ең тез”. Мұндай эпиттер балалардың бір-біріне жақсы көзқараспен қарауға ықпал етсе, келесі сабақта сауалнама алынып, топтық бірлестіктер құрылады. Топтық құрамы өзгеріп алмастырылып отырады. Апта сайын сыныпта топтар кезекшілік міндеттерін атқарып, сынып сағатын өткізіп, газет шығарады. Бір аптадан кейін сынып алдында өздерінің жасаған жұмыстары туралы есеп береді. Сонда бір топ сынып ішінен кітапхана ашқан. Қорыта айтқанда, Л.И. Токарский тәжірибесінің ерекшелігі оқушыларды жеке тұлға болуға қызығушылығын ояту, адамгершілік, ар-намысын дамыту мақсатында “Туған күн” мерекесі ұйымдастырылған.
Дүние жүзінде түрлі философиялық ілімге негізделген теориялық моделі бар тәрбие жүйелері жеткілікті. Шет ел мектептеріндегі тәрбие жүйесі белгілі дәрежеде танымал болып, тәжірибеге еніп келген Р. Штейнер, Р. Хенви, М. Боткина, Л. Колбергтің еңбектерін айтуға болады. Вальдорфтың мектебі еркін тәрбие теориясын насихаттап,мұғалім балаларды тәрбиелеуде өзі мазмұнын, формасын, әдісін таңдап алуды талап етті. Вальдорф педагогикасының жеке тұлғаны дамытуда негізгі сүйенетіні мәдениет (фольклор, қолөнері, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б). Сынып жетекшісі бастапқы сегіз жыл бойы тәрбие жұмысын жүргізіп, бір мәселені оқушылармен бірге іздеп, жаңалықты бірге ашады [58, 56].
«Шыншыл бірлестік» тәрбие жүйесінің негізгі идеясын Л.Колберг [59] жеке тұлғаны тәрбиелеуде ең төменгі ден моральдық дамудың жоғары сатысына жету жолын көрсетті. Л.Колбергтің эмоциональдық- когнитивтік тұжырымы деп аталып, жеке тұлғаның адамгершілік дамуы ақыл-ой дамуына, адамгершілік жетілуі бірізді сатымен жүргізіледі. “Шыншылдық қоғам” демократиялық стильмен жұмыс жасап, мектепте моральдық климаттық дұрыс болуын, мұғалімдер мен оқушылардың арасында мінез-құлық нормалары мен ережелерін, марапаттау мен жазалаудың формалары және мектептің өзіндік дәстүрлері мен салттары белгіленген [59].
С. Курганов негізін қалаған “Мәдениет диалог мектебі” (Школа диалог культур) 1-2 сыныптарды “таңдану нүктесі” деп аталып, оларға сан, сөз жұмбақ, “Мен” – сана жұмбағы, табиғат құбылысы жұмбағы тәрізді тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылығын, жеке даралығын дамытуға бағыттайды. 3-11 сыныпқа дейін орта ғасыр мәдениетін, ежелгі дүние мәдениетін, қазіргі заман мәдениетінің құндылығын бағалауға тәрбиелейді [60].
Елімізде Архимед Ысқақовтың авторлық мектебіндегі тәрбие жүйесі оқушылардың әрқайсысының жеке дара бейімділігі мен қызығушылығын, мүмкіндіктерін дамыту, жұмыс істеу арқылы ынталандыру, белсенділігі жоғары үйлесімді дамыған жеке адам қалыптастыру көзделді. Мектепке ерекше тәрбие жағдайын және материалдық жәрдемді қажет ететін 9-11 сынып оқушылары қабылданған. Мектептегі сабақ түстен кейін басталып, түске дейін оқушылар Алматы қаласындағы әртүрлі мекемелерде жұмыс істейді. Мектепте күніне екі рет тегін тамақ ұйымдастырылады. Ай сайын әрбір оқушы өзінің тапқан еңбек ақысынан 50 сом ақшаны мектеп қорына аударып отырады. Бірақ бұл ақша өздеріне стипендия төлеуге, туристік жолдамалар алу, оқу кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалады. Мемлекеттік-қоғамдық басқару мектеп Кеңесі арқылы жүзеге асырылады. Кеңестің құрамына сегіз оқушы, сегіз мұғалім кіріп, оқушыларға материалдық көмек беру, степендиялық сыйлықпенкөтермелеу, оқушылардың кәсіби даярлығын, оқыту мазмұнын, формасын, құрылымын анықтап отырған [61].
ДӘРІС – 4. Педагогикалық үдерістегі тәрбие әдістері мен тәсілдері
Жоспар
Тәрбие әдісі тәрбие тәсілі
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Оқушының мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері
Педагогикада әдістер жүйесі туралы әр түрлі пікірлер орын алып келді. Ертеректе шыққан педагогика оқулығында «Әдіс дегеніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс де-генді тәрбие құралы» деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарында тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Бұл қарым-қатынасты да қалыптастыруға қатысты. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оны оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуын қарастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |