Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері


Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері



бет8/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Әңгімелеу-оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу барысында қолданылады. Әңгіме әдісіне белгілі талаптар қойылады: қисынды, бірізді, дәлелді баяндау; нақты, бейнелі көтеріңкі көңіл-күймен әңгімелеу; оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, әңгімелеу ұзақтығы бастауыш сыныпта 10 минут, жоғары сыныптарда 30 минуттан аспауы тиіс.
Бастауыш және орта сыныптарда әңгімелеу құндылық-бағдарлы болуы қажет. Балалардың сезіміне ықпал етіп, әңгімедегі адамгершілік өлшемдер мен үлгілі-өнегелі тәртіп дағдыларын меңгертуге қолданылады.
Егерде әңгімелеу барысында оқушылардың түсінігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған жағдайда, оларға түсіндіру әдісі арқылы заңдылықтар мен принциптерді, ереже мен тәртіпті сақтаудың маңызын көрсету керек. Тәрбиеші жеке тұлғаның санасын, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді. Түсіндіру әдісін түрлі үлгілі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып бекітуде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады.
Әңгімелесу - оқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай тақырыптарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсе, сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптастыру. Тәрбиеші әңгімелесу үшін негізгі, қосымша, жетекші және түйіндейтін сұрақтарды белгілеуі тиіс. Әңгімелесу барысында тәрбиеленуші жалқыдан жалпы түсінік немесе жалпыдан жалқы түсінік қалыптастыру дағдысын меңгеруі тиіс. Әңгімелесу негізіне қоғамдық өмірдің адамгершілік, әлеуметтік, этикалық мәселелері алынғаны абзал.
Жеке әңгімелесу көбінесе тәртіп бұзу, оқушылар арасында қайшылықтар туған сәтте қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін алдын ала жоспар құрылып, белгілі жүйемен жүргізілуі тиіс.
Әңгімелеу мен әңгімелесу әдістері танымдық дәріс әдісіне даярлайды. Мектептегі дәріс көбіне әңгімеге жақын бола тұрып, ақпараттық-танымдық көлемі жағынан, қисынды құрылымы, дәлелді, жалпы қорытынды жасау және ұзақтығымен ерекшеленеді. Дәріс көбінесе жоғары сыныптарда, оқу орындарында қолданылады. Дәріс жүйелі ауқымды түрде әлеуметтік-саяси, адамгершілік, эстетикалық және басқа да тәрбие түрлерінде, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолданылады. Дәрістің өзекті мәселесі теориялық тұжырымды жан-жақты ашу. Әңгімелеу және әңгімелесу барысындағы нақты деректер дәрісте тек бастапқы материал ретінде қолданыс табады.
Пікірталас-әдісі оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушылардың назарын түрлі көкейтесті мәселеге аударып, оны ойланып негіздеуге бағыттайды. Сонымен бірге оқушылардың кейбір құбылыстар жайлы пікірін негіздеуіне мүмкіндік береді. Пікірталас әдісін ұйымдастыру үшін талқыланатын мәселеге міндетті түрде екі түрлі қайшы пікір болуы абзал. Пікірталас нәтижесінде мұғалім тұжырымды қорытынды жасауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет