Шлюз
7
6
5
4
3
2
1
Маршрутизатор
3
2
1
көпір/коммутатор/желілік адаптер
7
6
5
4
3
2
1
3
2
1
2
1
2
1
қайталаушы
1
1
физикалық
сегменты
логикалық
сегменты
желілер
(подсети)
Интернет
OSI
үлгісінің
деңгейлер
і
қолданбалы
сеанстық
көліктік
желілік
арналық
физикалық
табылады. Бұл құрылғылардың фукнциялары мен OSI үлгісінің деңгейлерінің арасындағы арақатыс 3.1
суретте көрсетілген.
Сигналдарды регенерациялаушы, және соның есебінен желінің ұзындығын көбейтуге мүмкіндік
беретін
қайталаушы, тек қана физикалық деңгейде жұмыс істейді.
Желілік адаптер физикалық және арналық деңгейде жұмыс істейді. Физикалық деңгейге байланыс
линиясы бойымен сигналдарды қабылдау және беруге байланысты адаптер функциясының бөлігі жатады, ал
берудің
бөлінетін ортасына рұқсат алу, компьютердің МАС-адресін тану – бұл арналық деңгейдің
функциясы.
Көпірлер арналық деңгейде өз жұмысының көп бөлігін орындайды. Олар үшін
желі құрылғылардың
МАС-адрестерінің жинағымен көрсетіледі. Олар арналық деңгейде дестелерге қосылған тақырыптардан осы
адрестерді алып шығады және оларды қандай-да бір дестені қандай портқа жіберу керектігі туралы шешім
қабылдау үшін дестелерді өңдеу кезінде қолданады. Жоғарырақ деңгейге қатысты желі адрестері туралы
ақпаратқа көпірлерде рұқсат жоқ. Сондықтан олар желі бойымен дестелерді жылжытудың мүмкін жолдары
немесе маршруттары туралы шешім қабылдауда шектелген.
Маршруттаушылар OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Маршруттаушылар үшін желі – бұл
құрылғылардың желілік адрестерінің жинағы және желілік жолдардың жиынтығы. Маршруттаушылар
желінің кез-келген екі түйіндерінің арасындағы барлық болуы мүмкін жолдарды сараптайды және олардың
ішінен ең қысқасын таңдайды. Таңдау кезінде назарға басқа факторлар да алынуы мүмкін, мысалы, аралық
түйіндер мен байланыс
линияларының жағдайлары, линияның өткізгіштік қабілеті немесе деректерді
берудің бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: