ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Ата-ана құқықтарынан айыру және оның тәртібі, салдары
Егер ата-аналар:
- ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
- өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
- өздерінің ата-ан құқықтарын теріс пайдаланса;
- балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіпеушілігіне қастандық жасаса;
- спирт ішімдектеріне немес есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айырылады.
Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.
Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқаоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот бұл шешімнің ұзінді көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орыны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқаоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.
Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, соның ішінде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақыны алу құқықтарынан айыруға әкеп соғады.
Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу міндетінен босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады.
Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқықтарын, оның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына беріледі.
Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етеді.
Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол беріледі.
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
Егер ата-аналар мінез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіруі мүмкін.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы болса, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келісімімен ғана қалпына келтірілуі мүмкін.
Егер бала асырап алынса және асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Ата-ана құқықтарын шектеу және оның салдары
Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығаруы мүмкін.
Ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
Егер баланың ата-аналарымен қалуы:
- ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша;
- ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беруге міндетті.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ прокурор береді.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады.
Ата- ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |