Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет17/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Баланың құқықтары
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын Кодекстің 13,15 және 18-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың өз пікірін білдіру құқығы
Бала отбасында өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік ісін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен рәсімделеді.
Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы
Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.
Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.
Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.
Әкесінде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесінің аты ретінде олардың біреуі не әкесінің екі аты бірге жазылып беріледі.
Әкесі атын өзгерткен кезде – оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.
Баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалады. Ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде ата-аналарының келісімі бойынша балаға әкесінің немесе анасының тегі беріледі.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесі сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін.
Ата-аналар арасында баланың атына және тегіне қатысты туындаған келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
Егер әкесі анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі-анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша беріледі.
Егер баланың ата-аналарының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жері бойынша оның құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар береді.
Баланың атын немесе тегін өзгерту
Ата – аналарының екеуі де тегін өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала 16 жасқа толғанға дейін ата-аналардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті ата-анасының екіншісінің тегіне өзгертуге рұқсат береді.
Неке(ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзіне туған кезде берілген тегін сақтайды.
Егер ата-аналары некенің бұзылуын тіркеуші органда рәсімдеместен бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және нотариатта рәсімделген басқа ата-ананың пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабілетсіз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайда, ата-ананың пікірін ескеру міндетті емес.
Егер ата-аналары некенің бұзылуын тіркеуші органда рәсімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді.
Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туса және әкесі заңды тәртіппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кезде болған тегіне өзгертуге рұқсат етеді.
10 жасқа толған баланың аты және тегі заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келісімімен ғана өзгертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет