Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет14/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Бала асырап алудың күшін жою негіздері
Егер бала асырап алушы:
- өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;
- ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;
- асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;
- асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;
- асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;
- маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған;
- ҚР заңнамасында және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.
Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.
Бала асырап алудың күшін жою
Бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі.
Бала асырап алудың күшін жою туралы іс бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.
Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 күн ішінде сот осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, 14 жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар.
Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары
Сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, егер бұл баланың мүдделері үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.
Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата-аналарына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына беріледі.
Сот сондай-ақ баланың асырап алуына байланысты оған берілген аты, әкесінің аты және тегі сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтірілді ме деген мәселені шешеді.
10 жасқа толған баланың аты, әкесінің аты немесе тегі оның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін. Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, осы Кодекстің 139 және 141-бабында белгіленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге міндеттеуге құқылы.
Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді акредиттеуді жүргізу тәртібі
Жалпы ережелер
Аккредиттеу туралы өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада филиалдар немесе өкілдіктер құру жолымен өз қызметін кемінде 10 жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер аккредиттеуге жатады.
Аккредиттеу агенттіктің филиалы немесе өкілдігі есептік тіркелгенге дейін жүргізіледі.
ҚР балалардың құқытарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының қызметкерлері, олардың жұбайларын және жақын туыстарын қоса алғанда, агенттік филиалының немесе өкілдігінің қызметкерлері бола алмайды.
Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын ҚР Үкіметі айқындайды.
Агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу тәртібі
Агенттіктерді аккредиттеу, соның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қарайды.
Агенттіктің сенім білдірген адамы ҚР аумағында бала асырап алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін мынадай құжаттарды:
1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
2) оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесін;
3) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің ҚР-ның аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатын;
4) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі міндеттемені;
6) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың ҚР консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесін;
7) агенттіктін сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхатты қоса тіркей отырып, өтініш беруге міндетті.
Жоғарыда айтылған 1-4 тізбелерде көрсетілген құжаттар олар берілген күннен бастап 6 ай бойы жарамды болады. ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қажет болған жағдайда осы құжаттардың түпнұсқа даналарын қосымша сұратуға құқылы.
Барлық ұсынылған құжаттар ҚР заңнамасында және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдастырылуға тиіс.
Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы өз құзыреті шегінде аккредиттеу туралы тиісті қорытындылар беретін ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР ІІМ, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен, ҚР ӘділМин және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда, оны негіздей отырып, ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді ол қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде шығарады.
Сенім білдірілген адамның аккредиттеу туралы өтініші ҚР жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде қаралады.
Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, өкіл тиісті өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында оның түпнұсқасын алуы мүмкін.
Агенттік 1 жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
Агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
- ұсынылған құжаттардың ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
- өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
- агентіктің немесе оның филиалының және өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
- агенттіктің орналасқан жері, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, мемлекетте әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
- агенттіктің филиалы және өкілдігі қызметкерлерінің ҚР заңнамасын бұзуы;
- агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
- агенттіктің асырап алынған баланың белгіленген тәртіппен ҚР консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
- агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы болып табылады.
Өз қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді алған агенттік 6 ай өткен соң ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына қайтадан жүгінуге құқылы.


8 апта дәріс - Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет