Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет43/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
ҚР аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртібі ҚР заңдарымен белгіленеді. ҚР аумағында неке қиюдың ережелері, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңдарымен, Кодекстің 9-11-баптарының неке қиюға кедергі болатын мән-жайлар жөніндегі талаптарын сақтай отырып белгіленеді. Азаматтығы жоқ адамның ҚР аумағында некесін қию ережелері сол адамның тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары арасындағы неке ҚР шетелдiк мекемелерiнде қиылады. ҚР аумағында шет мемлекеттердің елшіліктерінде немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған некелер, егер бұл адамдар некелескен кезде ҚР елшісін немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттің азаматтары болып табылса, екі жаққа бірдей болу шартымен ҚР заңды деп танылады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мем-ің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері ҚР аумағында ҚР заңымен айқындалады.
Әке(ана) болуды анықтау және оны даулау
Әке(ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңымен айқындалады.
Әке(ана) болуды анықтаудың және оған дау айтудың тәртібі ҚР аумағында ҚР заңымен айқындалады. Егер ҚР заңында тіркеуші органдарда әке(ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың ҚР аумағында тыс жерлерде тұратын ең болмаса біреуі ҚР азаматы болып табылатын ата-аналары әке(ана) болуды анықтау туралы ҚР шетелдегі мекемесіне өтініш беруге құқылы.
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері
Оның ішінде ата-аналардың балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттік заңымен айқындалады. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен айқындалады. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-аналар мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толған балалардың, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңымен айқындалады. Бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен айқындалады.
ҚР тыс жерде тұратын ҚР азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлдекеттік тіркеу
ҚР тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын ҚР азаматтарына қатысты АХА мем-ік тіркеуді ҚР шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары ҚР астанасының аумақтық әділет органына беріледі. ҚР шетелдегі мекемесінде АХА мем-ік тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар ҚР азаматтары болып табылса, ҚР заңы қолданылады.
Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын шет мемлекеттердің құжаттарын тану
ҚР азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген ҚР тыс жерлерде АХА жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар ҚР заңына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба болған кезде ҚР жарамды деп танылады. ҚР құзыретті органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жері бойынша неке қию, туу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілерінің басқа да құжаттарын алуға жәрдем көрсетуге міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет