Сот шешімі бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру. Сот шешімі бойынша әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу кезінде әкесі туралы мәліметтер сот шешіміне сәйкес көрсетіледі. Әкесінің тұрақты тұрғылықты жері, жұмыс орны, егер осы мәліметтер сот шешімінде көрсетілмесе, өтініш берушінің айтуымен жазылуы мүмкін.
Сот шешімінде әкесінің ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде әке болуды анықтау туралы акт жазбасындағы ұлты туралы баған оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде толтырылады. Балаға тегі-сот шешіміне сәйкес, ал мұндай жазба болмаған кезде өтініш берушінің көрсетуі бойынша беріледі. Бұл мәселе бойынша дау туындаған жағдайда тегі сот шешімі бойынша жазылады.
Баланың тууын және әке болуды анықтауды бір мезгілде мем-ік тіркеу кезінде міндетті түрде туу туралы және әке болуды анықтау туралы актілер жазбасы жасалады. Туу туралы акт жазбасында баланың тегі анасының тегі бойынша, әкесінің аты мен әкесі туралы мәліметтер әкесінің өтініші немесе ата-анасының бірлескен өтініші бойынша көрсетіледі.
Әке болуды анықтау туралы өтініш
Бұл өтінішті ата-анасы немесе олардың біреуі, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтініш жасау өзге де себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, ҚР заңында белгіленген тәртіппен сенім білдірілген адамдар жазбаша нысанда береді.
Әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу туралы өтінішті ата-анасы емес, басқа адам берген кезде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылуға тиіс.
Кәмелетке толған балаға қатысты әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Бұл бойынша мем-ік тіркеуге – олардың жазбаша келісімімен ғана, ол әрекетке қабілетсіз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның келісімімен жол беріледі.
Кәмелетке толған адамның келісімі жеке өтініште не ата-анасының бірлескен өтінішіндегі өзінің қолтаңбасымен көрсетілуге тиіс. Өтініш берген кезде бір мезгілде кәмелетке толған бала не оның қорғаншысы әкесінің тегін алғысы келетіндігін не анасының тегін сақтағысы келетіндігін көрсетеді.
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде өзгерістер енгізу тәртібі
Әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу кезінде туу туралы акт жазбасына әке болуды анықтау туралы акт жазбасының негізінде тиісті өзгерістер енгізіледі. Баланың тегі, әкесінің аты, сондай-ақ әкесі туралы мәліметтер Кодекстің 207,209 және 211 баптарына сәйкес енгізіледі. Туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін өтініш берушіге баланың туу туралы жаңа куәлігі беріледі.
Егер ата-анасының ең болмасында біреуінде ҚР азаматтығы бар болса, ол балаға қатысты ҚР шетелдегі мекемелері тіркеген әке болу танылады.
Әке болуды анықтау туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер
Ә ке болуды анықтау туралы акт жазбасына мынадай деректер:
-баланың тууын мем-ік тіркеу күні;
- баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі;
- баланың әке болуды анықтағанға дейінгі және одан кейінгі тегі, аты, әкесінің аты;
- баланың туған уақыты мен туған жері;
- ата-аналарының тектері, аттары, әкелерінің аттары, туған күні, айы, жылы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі не жұмыс орны, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты;
- оның негізінде әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу жүргізілген құжат туралы мәліметтер;
- өтініш иесі туралы мәліметтер;
- берілген куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Әке болуды анықтау туралы куәлікті әке болуды анықтауды мем-ік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде тіркеуші орган береді. Әке болуды анықтау туралы куәлік мем-ік тіркеу орны бойынша ата-анасының біреуіне беріледі немесе олардың тілегі бойынша әрқайсысына берілуі мүмкін.
Әке болуды анықтау туралы куәлік
Бұл куәлік мынадай мәліметтерді:
- баланың әкесінің тегін, атын, әкесінің атын;
- баланың тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, айын, жылын;
- баланың анасының тегін, атын, әкесінің атын;
- акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
- мем-ік тіркеу орнын, тіркеуші органның атауын;
- әке болуды анықтау туралы куәліктің берілген күнін қамтиды.
Некені(ерлі-зайыптылықты) тіркеу
Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата
Некені тіркеу АХА жазу органдарында (бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында жүргізіледі.
Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:
1) некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді;
2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге тұруға келісетінін және жұбайлардың қалап алатын тектерін анықтайды.
Неке қиюға кедергі жоқ болған жағдайда азаматтық хал актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілерін жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |