Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет116/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Оның барып тұрған қопал ғой. Орнынан тұра алмаса, далаға 
шықпаса, Бекаба қайтып сонша қарақшыларды құзырында ұстап 
отыр? 
— Бiлмеймiн, Құдайдын рухы қонған ба, әйтеуiр, жатып алып-
ақ, бәрiн басқарып отыр ғой. Небiр жаужүрек баскесерлер оның 
алдына барғанда, ол құрғырдын мысы басып кете ме, тыпырлап, 
бас шұлғудан басқаға қауқарлары жетпейдi. Түрi де зәрдей, ит 
жөйiттiң.
— Түһ, сен менiң делебемдi қоздырып, өшпендiлiгiмдi одан 
бетер өршiтiп жiбердiң. Кеттiк, бүгiн Тәшкенге. Боқ қарынын 
ақтарып, майлы жүрегiн суырып алмасам, Сүлеймен атым өшсiн.
— Оған жету үшiн талайдың көзiн құрту керек. 
— Сүлеймен, осыған сенiп, қауiптi жауға аттанғанымыздың 
түбi опық жегiзiп жүрмесiн, — дедi Төрекелдi шай құйып жатып.
— Сендер не ойласандар да, менiң Құраққа зияндық iстегiм 
келiп отырған жоқ. Бұл бар шынын айтқан сияқты. Болмашыға, 
иә, мұның келiсi болмашы болмаса да, осы бауырымды өлiмге 
қимай отырмын. Тәшкендегi ашығып келген қазақтарға да 
көмектесiптi… Ендi сенiң былай етуге ар мен намысың жете 
ме, Құрақ? Менi бұрын жақсы бiлмегендiктен, әрi мәжбүрлiктен 
“жауым” деп есептесең де, тап қазiр өзара түсiнiскен, шекiсiп 
барып бекiскен дос ретiнде бiр ыдысқа қан құйысып, анда болуға 
жарайсың ба?
— “Қорыққанынан менiмен анда болды” деп санамасаң, 
ыдысқа қан құйысып, Құдай атынан ант етiсiп, сенiмен дос-
сыпай болуға жараймын. Өзiң секiлдi қазақтың намысшыл 
нарқасқасымен тамыр болу — ертеден-ақ көксеген мақсатым. 
Қане, пышағыңды бер. Қан шығарып, айнымасқа серт етiсейiк. 
Бiрақ соның алдында қателiгiм үшiн өздерiңнiң алдында бас иiп, 
ғафу сұрайын, — деп Құрақ үшеуiнiң алдында бас идi.
— “Иген басты кеспес болар” деген атам қазақ. Кештiк 
бiлместiгiңдi. Төрекелдi, анау бос пиаланы әпершi. Қолдан 
аққан үш-төрт тамшы қанды тосайық соған, — деп Сүлеймен 
пышағымен бiлегiнiң сырт жағын аз ғана кестi де аққан қанды 
пиалаға ағызды. Бұдан соң аналар да солай етiсiп, жарты пиала 
болған өз қандарын кезек-кезек бiр-бiр ұрттап iшiстi. 


243
Сүлеймен қарақшы
— Мiне, бiз ендi ахыреттiк доспыз. Осы серттi бұзған адамды 
әруақ атып, Құдай жазаласын, — дедi Сүлеймен.
Бұлай қан iшiсiп, ант берiсу — бiр топта басы қосылған 
қарақшылар арасында бұрыннан бар салт едi. Бұл салт алдымен 
араздасып, кейiннен ажырамас татулыққа сөз байласқан батыр-
ерлердiң арасында да жиi қолданылатын. Сүлейменге мұны 
баяғыда нағашысы — Көбек үйреткен-дi. Содан берi ол қаншама 
адамдармен осылайша қан iшiстi. Солардың ешқайсысы мұны, 
ал өзi оларды сатпады. Ендi бүгiн сондай жаңа дос тапқан соң 
бәрi шешiлiп, кешке дейiн сыр ақтарысып отырды. Әсiресе, 
Құрақ көп сөйледi. Оның сөзiнен Сүлеймендер Тәшкендегi 
бәсекелестердiң бар сырын ұққандай болды. Бәрiнен бұрын анау 
ашыққан қазақтардың тағдыры жанына батқан Сүлеймен:
— Менiң ойым — елдегi ашыққан қазақтарға көмек беру. 
Бекабаның жөнiн содан соң табармыз. Айтыңдаршы, қайсыларың 
менiмен iлесiп, елге барасыңдар? — дедi. 
Отырғандардың ешқайсысы бұдан қалмайтындықтарын 
айтты. Әңгiме Құрақ жайына ауысқанда:
— Сен бiзбен iлеспей-ақ қой. Ертерек Тәшкенге оралып, әйел, 
бала-шағаңды құтқарудың амалын тап. Бiз ел жақтан оралған 
соң Тәшкенге барамыз. Өзiңдi Тәшкеннiң қай жерiнен табамыз? 
Осыны айтып кет.
— Тәшкенге барсаңдар, “Өрiкзар” маңындағы “Ескi жоба” 
мен “Шора” базарынан Андақұл, Сыбанқұл деген делдалдарды 
тауып, менi сұрасаңдар, қай жерде жүргенiмдi айтады.
Сол күнi кешке Құрақ аттанып кеттi. Ертесiне Сүлеймендер 
де жолға жиналды. 
Бiз Аязбек, Төрекелдi, Ажан төртеумiз қайта оралғанша, 
әйелдерiмiзге бас-көз бола тұр. Дилданың айы-күнi жақындап 
қалды. Босанған кезде қолыңа алып қарайлас. Өтеуiн жерде 
қалдырмаспын, — дедi Пұсырманқұлмен қоштасарда.
— Бұлар үшiн алаңдама. Бiз қауiп қылатын жаулардың 
бастарын лайға тығып тастадыңдар. Өздерiң аман-сау барып 
қайтыңдар. Қыдыр ата шылауларыңда болсын. 
Әлден уақытта шаһардан шыққан салтаттылар Қоқанның 
шығысындағы мидай жазық дала төсiне iлiктi. Ең алдында — 


244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет