6
Сүлеймен қарақшы
бетке бет алды. Шапқан екпiнiн бәсеңдетпей, олардың соңынан
iлестi. Өзендi кешiп бара жатқан
жылқылардың тұяқтары су
түбiндегi жылтыр тастарға тайғанақтап, шабыстары бәсеңдедi.
Ал бұрыннан су кешiп үйренген Сүлейменнiң астындағы ат
өзенге түсе салысымен орғып-орғып шауып, қашқан жылқыларға
әп-сәтте жетiп үлгердi. Бағаналы берi үстiне кiм мiнсе де, тек анау
қара құнанды қуып жүргенiн пайымдаған жүйрiк, жылқыларға
жете бере-ақ, сол құнанға қарай орғыды.
Дәл осы сәтте аттың
ақылдылығы мен иесінiң күшi дөп келе кетпесi бар ма. Жүйрiк
ат орғып барып қара құнанды жанамалай бергенде, құнанның
құйрығынан шап берiп ұстап, өзiне қарай тартып-тартып қалды.
Құнан шыңғыра кiсенiп, босанбақ ниетпен тепсiне бұлқынды.
Бiрақ қанша туласа да, құйрығына жабысқан қолдан ажырай
алмады. Сүлеймен оның құйрығынан сүйреген күйi арғы бетке
бiр-ақ алып шықты. Атының табаны құрғақ жерге тигенде
құйрығымен сүйреленiп, арт
жағымен келе жатқан құнанды
өзiне қарай қатты тартып, тура үзеңгi астына шөгердi. Содан ер
үстiнде отырған күйi жалына жармасып, оны тырп еткiзбей аз-маз
ұстап тұрды. Одан соң ат үстiнен сырғып түстi де, бiр қолымен
құнанның құлағын мыжғылай бүрiп, бiр қолымен мойнын бұрай
ұстап, гүрс еткiзiп, жерге жықты. Құнан болса, жерге жатқанына
қарамай, төрт аяғын төрт жаққа сермеп тұрып кетуге қанша
бұлқынса да, мойнына жабысқан дүлей күштен босана алмай,
мысы құрып, ентiге дем алып жатты. Осы кезде арт жақта қалған
жiгiттер шауып, Сүлейменнiң жанына жеттi.
— Бәрекелде-е. Бiз мұны боқмұрын деп менсiнбей жүрсек,
бұл құрықсыз жалаң қолымен-ақ
асауды тырп еткiзбей ұстап
алды ғой. Уай, Көбеке, жиенiңiз тура өзiңiзге тартқан қарақшы
болмаса не қылсын. Басқаны не қыласыз, ұрлыққа тек осы
баланы ғана ертсеңiзшi. Сiздiң төрт
серiгiңiзге мұның жалғыз
өзi татиды ғой, — деп айқайлап сөйледi бағана Сүлейменге атын
берген жiгiт жерде жат-қан құнанды ноқталап жатып. — Әй, бала,
сенiң атың кiм... Сүлеймен бе едi? Ай, Сүлеймен, жарадың. Жаңа
айтқанымдай, өзiң мына нағашың — Көбекке ұқсап туыпсың.
Қазiр ғой, даламызда не қалмақ жоқ, не қоқан жоқ. Күшiңдi қайда