Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет124/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Денесi алпамсадай, астына мiнген аты да зор Сүлейменнiң 
тегiн адам емес екенiн бiлгендей, мiлиса арқасына iлiнген 
мылтығын апыл-ғұпыл қолына оңтайлады:
— Кiмсiң-ей? Жөнiңдi айт. Әйтпесе басып саламын. 
Деуiн дегенмен Сүлейменнiң сұсты жүзiнен қорқып қалды ма, 
қолымен қоса мылтығы да дiрiлдеп кеттi.
— Ой, әкеңнiң… Бесiктен белiң шықпай жатып маған мылтық 
кезенуiн қара. Мылтық ұстауға лайық емес екенсiң.
Мылтығын тартып ала берем дегенде, анау сасқалақтап тұрып 
шүрiппенi басып жiбермесi бар ма. Гүрс еткен мылтық даусы 
жер-дүниенi кернеп кеткендей болды. Оқыс шыққан дауыстан 
қарагер үркiп кетiп, Сүлеймен сусып жерге түсiп қала жаздады. 
Түсiп те қалар ма едi, егер бiр қолымен қарагердiң жалына 
жармасып қалмағанда. Сөйте тұрып, бәрiбiр ананың қолынан 
мылтықты жұлып алып үлгердi. Не iстерiн бiлмеген мiлиса жiгiт 
қораға қарай қашты. Оның қылығына ашуланған Сүлеймен атын 
тебiнiп қалып, қуып кеп бердi. Анау ұзай алмады. Ә дегенде-ақ 
оған жеткен Сүлеймен оның желкесiнен ұстай алып, көтерiп ер 
алдына бiр-ақ өңгердi.
— Ойбай, көке! Өлтiрмеңiзшi, өлтiрмеңiзшi!
— Менiң кiм екенiмдi бiлмей жатып, неге кезенесiң 
мылтықты-ә?! — Сүлеймен оның желкесiнен бүрiп-бүрiп 
жiбергенде мiлиса баланың жандаусы шықты. — Сенен басқа 
мiлиса бар ма бұл жерде?
— Бар, бар. Жаңа ғана ол түзге шығуға кеткен.
Осы кезде қораның арғы шетiнен шыға келген екiншi мiлиса 
оң жақтағы тамға қарай жанұшыра жүгiрiп бара жатты. Сүлеймен 
солай шапты. Жердi дүрсiлдете шауып келе жатқан қарагерден 
бұрын тамға жете алмасын бiлген ол, кейiн бұрыла сап, киiз 
шапанының ұзын етегiне сүрiне, қораның екiншi шетiне жүгiрдi. 
Қораны айнала бергенде, алдынан Төрекелдi мен Аязбек шықты. 
Қолдарында мылтығы бар оларды көргенде, мiлиса сорлы кейiн 
шегiндi де, қораның дуалына сүйенiп, жүрелей отырды. Оның 
жанына тез жеткен барған Сүлеймен алдында өңгерулi жатқан 
мiлисаны сырғытып түсiрдi.
— Қайда қашып бара жатыр едiң сен?!


261
Сүлеймен қарақшы
Ол сорлы “бұлар қайдан келген адамдар?” дегендей, үшеуiне 
жалтақ-жалтақ қарап, ентiгiн баса алмай бiраз отырды:
— Ертең ауданнан көп мiлиса келсе, сiздердiң сазайларыңызды 
бередi.
— А, не дейдi? Мынау қорқудың орнына маған айбат 
көрсетпекшi ме? Мылжа-мылжаңды шығарып жiберейiн бе 
қазiр?
Темiрдей қолдар өзiн езiп жiберердей болғанда анау мұның 
кiм екенiн түсiндi.
— Ойбай, иығым. Жетер, жетер, көке. Не айтсаңыз да iстейiн.
— Қорада сендерден басқа кiмдер бар?
— Екi малшы қойларға шөп шашып жүр. Қалғандары демалып 
жатыр.
— Айран-сүт, құрт-май бар ма?
— Жейтiн болсаңыздар тауып беремiз. Сүттi азанда атарбамен 
ауданға алып кеткен. Ал май мен айран көп.
— Үйдегi малшыларыңды оят. Өздерiң киiз шапандарыңды 
шешiп, айран, майды көтерiп жүрiңдер. Ал малшыларың 
қойларды айдайды. 
— Сонда қайда барамыз?
— Бәрiн ашыққан елге таратамыз.
— Ойбай, көке, олай етсек, ауданнан келген уәкiл бiздi 
қаматып, аттыртып тастайды ғой.
— Қазiргi уәкiл — менмiн. Шеш деймiн үстiңдегiнi. 
Шапаныңнан жұрт қорқып қалып жүрер.
— Шапан емес, “шинель” дейдi мұны. Күн суық. Жаурап 
қалсақ қайтемiз.
— Өлмейсiң. Жұрт жаурағанда жаның ашыған жоқ емес пе? 
Ай, бол тез! Әйтпесе сүйектерiңдi бiр-бiрлеп сындырамын.
Амал жоқ, екi мiлиса шинелдерiн шештi. Бастарындағы 
қызыл жолағы бар сүйiр қалпақтарын да жерге тастады. Сөйтiп 
дiрдек қаққан екi сорлыны үйге айдап келдi. Үй iшiнде үш жiгiт 
ұйықтап жатыр екен. Оларды тұрғызып, үш-төрт терi ыдыстағы 
сары майды көтерткiзiп, сыртқа шығарды. Екi мiлисаға екi 
ағаш бөшкедегi ұйытылған айранды арқалатты. Қой жаққа жете 


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет