Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет28/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Көбек, сырттағы жiгiттерiңдi ауылына қайтар? Өзiң бiр-екi күн 
осында бол. 
Қымыз құйып отырған әйел орнынан тұрып, сыртқа беттедi. 
Оның соңынан Көбек iлестi. Сүлеймен де тұра берiп едi: 
— Әй, әй, сен қайда? Отыра тұр қазiрше, — деп би оны қайта 
отырғызды. Сосын анау екеуiне қарап, басқа әңгiмеге көштi. 
Оның әңгiмесiнiң не жайында екенiн Сүлеймен ұға алмады. Би 
әлдекiмдердi сырттай сыбап, тез-тез сөйлеп жатты. Аздан соң 
арықтау келген жiгiт кiрдi:
— Шақырып па едiңiз, биеке? 
— Жаңағы Көбек сыртта жүр ме? Мына бала екеуiн қонақжайға 
апарып жайғастыр. Жатып, әбден демалсын. Көбекке айт
ұйқыларын қандырып болған соң келсiн. Ал, Сүлеймен, барып 
демала қой. Кейiн кең отырып әңгiмелесермiз.
Көбек пен Сүлеймен қызметшi жiгiтке iлесiп би үйiнiң 
қарсысындағы қонақжайға келдi. Қонақжайдың iшi бiрнеше 
бөлме екен. Қызметшi бұл екеуiн төргi бөлмеге жайғастырды. 
— Осында демала берiңiздер. Ұйқыдан тұрғасын менi 
шақырарсыздар. 
— Ал, жиен, төрт-бес күннен берi тоқым төсенiп, ер 
жастанып, далада ұйықтап жүр едiң. Ендi бидiң қонақжайының 
көрпесiне оранып жататын болдың. Өзiң, жүдә, жолың болатын 
бала екенсiң. Бiрден би көзiне түстiң. Досекеңнiң онша-мұнша 
адамға көңiлi түсе бермейдi. Сенсең, мұнда қанша келiп жүрiп, 
осы қонақжайға кiрiп көрген емеспiн. Сенiң арқаңда бидiң көңiлi 
маған да түстi. Неғып тұрсың, мелшиiп? Сен ана жерге, мен мына 
жерге жатайық. 
Сүлеймен неше күннен берi далада ұйықтап, демалған 
сықылды боп жүрген жоқ едi. Мамық көрпешеге жамбасы тигенде 
сiресiп, құрысып қалған өн-бойы жазылып жүре бергендей рахат 
күй кештi.
— Сен өзi бидiң айтқанына “мақұл” деймiсiң?
— Ол кiсi менiң жауабымды қажетсiнбедi де ғой. “Бiр тойда 
болатын күреске дайындал” дедi. Ол қандай күрес, кiммен күрес, 
ол жағын айтқан да жоқ. Өзiңiз айтыңызшы. Не дегенiм дұрыс?


60
Сүлеймен қарақшы
— Құдай саған бойыңа лайық етiп, күш те бердi. Сол күштi 
орынды пайдалана алғаның жақсы. Күресте жығып жүрсең, елге 
таныласың. Атың шығады. Атың шықса, абыройлы боласың. 
Би-болыстармен бiрге жүресiң. Бiр дастарханнан дәм татасың. 
Ондайда бақ-дәулет саған өзi-ақ келедi. 
— Күресетiн адамдарым кiмдер екен? Соны бiлмей жатқан 
жоқпын ба.
— Кiм екенiн тойға барғанда өзiң көресiң. Қазiр ұйықта.
Сүлеймендi бiр көргеннен-ақ нағыз балуан болатынын 
сезген Досалы би оның осы кәсiптi өмiр бойы игеруiне жол 
ашқанда ғой. Бәлкiм сонда ол Қажымұқан, Балуан Шолақ 
секiлдi жарты әлемге аты мәшһүр балуанның дәл өзi болар ма 
едi, кiм бiлсiн. Бiрақ Досалының сол кезде Тәшкенде, Верныйда 
балуандар мектебiнiң бар екенiн бiлмегенi анық. Бiлген болса, ол 
Сүлеймендi сонда жiберер ме едi... Ол Сүлейменге өз әкесiндей 
көп қамқорлық жасады. Алайда сол қамқорлықтың түбi — 
Сүлеймендi болашақта балуандыққа емес, басқа жолға түсiрiп 
жiбердi…


61
Сүлеймен қарақшы
VIII
Қараша айы жаңбырлы болып басталған-ды. Екi-үш күннен 
берi аспан ашық. Қара күздiң жанға жайлы қоңырқай жылуы 
бiрнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан әбден езiлiп, 
батпағы шыққан жердi кебiрсiтiп қойды. Тағы да бiр-екi күн 
өткенде дала төсi ат тұяғы таймайтындай болып, кеуiп те қалды. 
Досалы би аулына кешеден берi келiп жатқан қонақтарда есеп 
жоқ. Бәрiнiң үстiнде жаңа киiм. Жетектерiнде қос-қос ат. Кейбiр 
жетекке артық-ауыс затары толған қоржындарын теңдеп қойған. 
Ал кейбiрi ер-тоқымсыз жайдақ. Келiп жатқандардың iшiнде 
табын-табын сиыр, қора-қора қой айдағандары да бар. Ондайлар 
айдаудағы малдарын Сайрамсудың жоғарғы жағасына бiр күндей 
жайлатты да, ертесiне ары қарай айдап кете барды.
Бұл жерге жиналып жатқандардың бәрi Керiмбай болыстың 
тойына баратындар. Осы өлкедегi тойға шақырылған игi 
жақсылардың барлығы алдымен осында жиналмақ болып 
уағдаласқан. Кешеден берi солардың денi жиналып қалса да, 
би үйiндегi ығай мен сығай әлi атқа қонған жоқ. Мынадай сән-
салтанатты қауыммен бiрге жолға шыққанша асығып, дегбiрi 
қашқан Сүлеймен “Бұлар неге атқа қонбай отыр” деп iштей 
күбiрлеп, үйден жүз шығып, жүз кiрдi. Әнеукүннен берi Досалы 
мiнгiзген шауқар атты әбден суытып, алыс сапарға дайындап 
та қойған. Өзi атты жүрiске дайындаса, Досалы мен Көбек 
мұны күреске дайындаған. Мұнда жатқалы берi бiр ай iшiнде 
Досалының ұйғарымы бойынша, күнде азанда ұйқыдан тұра сала, 
Сайрамсудың мұздай суына бiр түсiп алып, мойнына әрқайсысы 
төрт пұттан келетiн дәу тасты байлап, бес шақырымдай жер жүрiп 
отырды. Қанша күштiмiн дегенiмен алғашында қатты қиналды. 
Келе-келе әлгi тастарды бұйым құрлы көрмей, мойнына салып, 
бес шақырымды бiр сағаттай уақытта жүрiп өтетiн болды.
Оншақты күннен кейiн Досалы бұған екiншi жаттығуды 
бастатты. Ол жаттығудың түрi — өзi күнде азанда мойнымен 
жаяу көтерiп жүрген тастарды серпiп көтеру болды. Оны көтерiп 
болған соң өзен жағасымен тай шаптырым жердi еңбектеп 
жүргiздi. Осылайша, Досалы оған жиырма күндей тыныштық 
таптырмады. Соңғы күндерi би мұны асау өгiздермен алыстырды. 
Иығымен дәу-дәу тай мен есектi көтерткiздi. Шалқалай жатқызып 
қойып, кеудесi мен iшiн жас балаларға тепкiздi. Екi аяғы мен 
екi қолына жiп байлатқызып, сол балаларға жан-жағына қарай 


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет